16 Шілде, 2011

Жандану

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайға Қытайдың Ганьсу  про­винция­сынан делегация келді. 2000  жылы  облыстың Қытаймен сыртқы сауда айналымы 2 миллион  доллар болса, ал  өткен жылы  бұл көрсеткіш 700 миллионға жетті.  Көрші­лер  Қостанайдан негізінен  темір кенін және асбест алады.   Ал  облысқа Аспанасты елінен  көлік, құралдар, басқа да механикалық аспаптар, қара  металдан, резеңкеден жасал­ған  бұйымдар келеді. ENRC компаниясының  құрамына кіретін «ССГПО»  акционерлік қоғамы мен Қытай­дың  «JISCO» компаниясы арасында келіс­сөз бар.  Баган және Жуган металлургия ком­би­наттарына жіберілген  ССГПО  бір­лес­­тігінің  темір кені өткен жылы  5,5 миллион тоннадан асты.  Қос­танай облысының әкімі Сергей Кулагин  мен провинция гу­бернаторы Ли Пей Ен достық және ынты­мақтастық  келісіміне қол қойды. Одан кейін делегация  Рудный қаласында, кен өн­дірісінде болды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.