20 Шілде, 2011

Жас отбасылар қуанышы

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыдағы Ермеков кө­­ше­сі бойында сән түзеген көп қа­бат­ты тұрғын үйдің біріне тұтасымен мемлекеттік мекеме қызметкерлері от­ба­­сылары қо­­­ныс­танды. 2-3 бөл­мелі 70-ке тарта пәтердің кілттерін об­лыс әкімі Серік Ахметов ата-ана­ла­ры, жора-жолдастары алд­ын­да та­быс етті. Олардың қата­рында баспаналы болуға  үш жыл кезек күткен әскери қызметкер Ардақ Шораев ортақ қу­а­­нышқа бөле­нушілер атынан мемлекет­тік қамқорлыққа алғысын жеткізді. Биыл облыста тұрғын үй құ­ры­лысы жоспары асыра орын­да­лып келеді. Өткен бес айда 144 мың шаршы метр жаңа қоныс пайдалануға берілді. Сондай тағы бір үй тәуелсіздік мерекесі қар­са­ңында есік ашқалы тұр. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.