Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың қатысуымен ашылған заманалық екі бірдей жаңа кәсіпорын ел игілігіне қызмет ете бастады. Көкшетау қаласындағы «ASAD company» ЖШС-нің қағаз сүлгілері мен гигиеналық бұйымдар зауытына жұртшылық айрықша көңіл аударып отыр. Мәселе оның Қазақстанның солтүстігіндегі тұңғыш өндіріс ошағы болуында ғана емес, астаналық облыстың кез келген индустриялық-инновациялық жобаны қолға алудағы қарым-қуатының артқандығында екендігін атап көрсеткіміз келеді.
Толық компьютерлік жүйедегі желінің тетігі іске қосылысымен әдемі орамдағы бұйымдар әп-сәтте мың даналық тақташаны толтырып тастады. «Шетелдік озық қондырғылар мен технологияның қайтарымы (жалпы инвестиция 67,1 млн. теңге) молынан болатындығы қазірдің өзінде айқындалып қалды, дейді зауыт директоры Асқар Мулькин. Кәсіпорын жылына 5,4 миллион дана өнім шығара алады. Импорт алмастыру бағытындағы ұмтылыстарымыз табысты болады деген үміттеміз. Қазірдің өзінде Астана, Петропавл, Қостанай және басқа қалалардағы әріптестерімізбен келісім шарт түзілді. Жаңа зауыт жоғары сапа үшін күресетіні анық. Ұжымдағы 30 адам бұл міндеттің үдесінен шығатынына сенімдімін».
Жыл басында, «Егеменнің» меншікті тілшісімен сұхбат барысында аудан әкімі Ербол Сағдиев Зерендіні донор ауданға айналдыруды мақсат санайтындығын айтып қалған. Өткен жартыжылдықта мұнда қос бірдей ірі қараны бордақылау алаңы, құс фабрикасы, кластерлік сипаттағы сүт өндірісі кәсіпорны, көп салалы егіншілік жүйесі қамтамасыз етіліп, оннан астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Бүгін аудан орталығында 335 миллион теңгеге салынған жаңартылған астық қабылдау пунктінің қатарға қосылуы іскер басшының сөз үдесінен шыға білетіндігін көрсетеді.
Кәсіпорын басшыларының айтуынша, бұрынғы жылдары ауысым ішінде небары 300 тонна дән өңделсе, қазір сағатына 200 тонналық көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік туған. Олар мұны Канаданың әлемге әйгілі «Твистер» фирмасының қуатты 10 қондырғысының орнатылуымен байланыстырады. «Зеренді ХПП» ЖШС сонымен қатар, бір мезетте 14600 тонна астықты сақтай алады.
Салтанат үстінде өңір басшысы С.Дьяченко тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мерекесіне орайластырылған шаралардың ауқымында Жарқайың ауданында туберкулезге шалдыққандарды медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, Сандықтау ауданының Лесное ауылында мектеп жасына дейінгі балалардың шағын орталығы ашылатындығын хабарлады. Ал 11 шілде күні жұртшылық Көкшетаудағы «RAMADANPO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа ұн кешенінің іске қосылуына құтты болсын айтпақ.
Жалпы, астаналық облыс Елбасы Н. Назарбаевтың жоспарланған барлық тапсырмаларын табысты орындап отырғанын атап өту керек. Мәселен, өткен жылы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде 15 жоба іске асырылып, барлық кәсіпорындар тоқтаусыз жұмыс істеп жатса, биыл «Индустрияландыру картасы» бойынша 16 кәсіпорын бой тіктейді. Соның ішінде, алғашқы жартыжылдыққа жоспарланған 5 кәсіпорын ел игілігіне қызмет етуде. Облыстың таза аграрлық бағыттан аграрлық-индустриялық әлеуеті жоғарылағанын осыдан да бағамдауға болады.
Бақберген АМАЛБЕК,
Ақмола облысы.

«Әділет» партиясы «AMANAT» мүшелерінің қосылуын маңызды қадам деп бағалады
Партия • Бүгін, 12:52
Курьерлік қызмет еңбек нарығына қалай әсер етті?
Қоғам • Бүгін, 12:49
«Елімай» – «Ордабасы» матчын жүргізген төреші Астана әуежайында ұсталды
Футбол • Бүгін, 12:44
Астанадағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 12:38
Балқаш қаласында зейнеткер қызынан ай сайын алимент алғысы келген
Оқиға • Бүгін, 12:27
Ел тұрғындарының әл-ауқаты артты ма? Ғалымдар не дейді?
Қоғам • Бүгін, 12:15
Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Футбол • Бүгін, 11:55
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға жолдама сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:53
Шымкентте сегіз жастағы қызға қырындаған ер адам айыппұлмен құтылды
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Заң • Бүгін, 11:37
Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?
Экономика • Бүгін, 11:35
228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:22
Эбола індеті өршіп барады: Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33