22 Шілде, 2011

Орман күтіміне оралымдылық қажет

450 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Жасыл желек – жан азығы» дейді халқымыз. Бірақ, ел арасын­дағы тұты­ну­шылық пиғыл осынау баға жетпес байлығымыздың қаді­рін тү­сін­бей отырғанымызды көр­се­теді. На­­­сихаттық жұмыстар үз­дік­сіз жүр­гізілгенімен осынау ма­ңызды мәселе­ге мән берушілік әлі де жеткіліксіз дер едік. Олай ай­туға жасыл желе­гіміздің жалын­ға шарпылуы тоқта­май тұрғаны, оның алдын алуға жұртшылықтың жап­пай бет бұра қоймағандығы мәжбүрлейді. Мә­с­е­лен, 2010 жылы облыстың орман қоры ау­ма­ғында 165 өрт оқиғасы тіркелді. Табиғатқа үлкен зиян келуі күннің аптап ыстығы­нан ғана емес, адамдардың немкеттілігінен орын ала­тындығы белгілі. Өткен жылы Ресейдегі алапат апат салдарынан елді мекендердің күйреп, адам шығынына жол берілгені жерлестерімізді де қатты ойға қалдыруы керек. Өйткені, орман болашақтың игілігі. «Атадан не там қалсын, не тал қалсын» дейтініміз сондықтан. Біздің инспекция бұл бағытта біршама жұмыс­тар атқарып жатқаны баршаға мәлім. Өткен жылы өзіміздің қолда бар қуаттармен және «Орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қазақ авиабазасы» РМҚК-нің үш тікұшақ экипажының күшімен барлық пайда болған өрт ошақтарын дер кезінде анықтап, оны сөндіруге қажетті шаралар қолданылды. Биылғы маусымға дайындығымыз да ойдағыдай деуіміз керек. АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы ко­ми­тетінің «2010 жылдың өрт қауіпі бар мау­сымының қо­ры­тындылары және 2011 жылдың өрт қауіпі бар мау­сы­мына дайындық жөніндегі міндеттер туралы» нұс­қауын орындауға бағытталған кешенді шаралар мұқият тиянақталды. Ағымдағы жылдың наурыз айында инспекция тарапынан облыстағы барлық орман шаруа­шылығы мемлекеттік мекемелеріндегі, «Көк­шетау» және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық таби­ғат парктеріндегі, «Сандықтау» ОӨОШ, «Жасыл аймақ» РМК-де­гі дайындық жұмыстары тексерілді. Анықталған кем­шіліктер бойынша кәсіпорын басшыларына 26 ескертпе жасалып, оның орындалуы қатаң бақылауға алынды. Оның үстіне, өртке қарсы күрестің жылдық жедел жоспарлары пысықталып, Төтенша жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл шаралары келісілді, қарауылдау кестелері мен тұрғындарды алдын-ала хабардар ету тәртібі аудан әкімдерінің бұйрықтары­мен бекітілді. Қысқы ағаш кесуден және санитарлық шаралар кезіндегі ағаш қал­дық­тары арнайы бақы­лаумен тасымалданып, залалсыз­дан­дырылды және нұсқаулық талаптарына сай өртелді. Орман күзеті ісіне қатысты барлық мамандар мен жұ­мысшылар оқуға тартылып, арнайы сынақ қабыл­дан­ды. Ақмола облысы әкімдігінің қолдауы­мен «Бұқ­па» орман шаруашылығында аумақтық коман­далық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуі ортақ істің орайын кел­тіре түсетіні анық. Орманшы­лармен қатар, ауыл­шаруа­шылық құрылымдары басшыларының қаты­суымен тәжірибелік семинарлар да кестелі мерзімінде өткізіліп келеді. Үсті­міздегі жылдың 20 сәуірі­нен, яғни өрт қауіпі бар маусым аясында күшейтілген кезекшілік ұйым­дастырылды. Мамандарымыздың белсене қаты­суы­мен медиа-жоспар қабылданып, жергілікті баспа­сөз құралдарындағы өзекті жария­ланымдар жұртшы­лық назарын аударуда. Қолданылған шараларға қарамастан бүгінгі күні 11 орман өрті тіркелді. Сондықтан, жұмысымыздың осал тұстары екшеліп, қолданыстағы барлық әрекет-қимылдарымыз бен іс-шаралар кешенді түрде қатаң бақылауда ұсталатын болады. Бексұлтан БАЙМҰТОВ, Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруа­шы­лығы аумақтық инспекциясының бастығы.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025