22 Шілде, 2011

Отандық сапа белгісі

409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астанадағы локомотив құ­рас­тыру зауы­тында ҮИИДМБ аясында темір жол сала­сындағы «Evolution» отандық тепло­возы­ның бесінші буынына Елтаңба жапсырудың сал­танатты рәсімі мен темір жол сала­сындағы жо­ба­лардың жүзеге асы­рылуы ба­рысында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті Марат Тілеубаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Аталмыш шара еліміз Үкіметі бекіткен 2010-2014 жылдарға арнал­ған үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сын жүзеге асыру­дағы ақпа­рат­тық жоспарының бір бөлшегі болып табылады. Зауыт цехында отандық локо­мотивтердің қаусырма қаңқа­лары құрастырылып, оған ка­би­насы, тепловоз корпусы орна­ты­лады. «Локомотив құрастыру зауы­ты» АҚ фирмалық логотипін жазу және Қазақстанның Елтаңбасын бекіту темір жол­дың жылжымалы құрамын да­йын­даудағы күрделі жұмыс­тар­дың қортындысы болып сана­лады. Бүгінде Evolution се­рия­­сын­дағы зауыттың 42-ші өнімі қазақстандық логотиппен және Елтаңбамен мөрленді. Өткен жы­лы зауыт қабырғасында 30 тепловоз құрастырылған болса, биылғы жылы оның 79-ын шығару көзделіп отыр. Оның бірқатары экс­портқа шы­ғарыл­ған. Қазіргі таңда «Evo­lution» тепловоз­дары­ның 22 пайызы қазақ­стандық өнімнен тұ­ра­ды. Отандық кәсіп­орын мұнымен тоқ­та­лып қалмай, өнді­ріс­ке қа­жетті жаңа бөл­­шек­тер мен құ­рал-жаб­дық­тарды игеруге ұм­тылуда. Бесінші буынды тепловоз шығару – ҮИИДМБ-ға кіретін Қазақстанның ірі индустриялық жобасы. «Қазақстан темір жо­лы» АҚ машина құрастыру са­ласында «Тальго» жолаушылар вагондарын жасау зауытының жобасын бастап кеткен. Зауыт­тың жобалық қуаты жылына 150 вагон шығаруға арналған. Өн­діріс 2011 жылғы желтоқсанда іске қо-­ сылмақ. Биылғы жылдың аяғында «Өзен – Түркіменстан мемлекеттік шекарасы» темір жол желі­сінің бірінші кезегі пайда­лануға берілмек. Бұл темір жол телімі Қазақстан, Түркіменстан мен Иран бағдарындағы «Өзен – Горган» халықаралық жоба­сының бөлшегі. Бұл бағытпен Қазақстан Парсы шығанағы ар­қылы үлкен рынокқа шыға алады. «ҚТЖ» АҚ құрылысын жүзеге асыруды бастаған «Жетіген – Қорғас» темір жол магистралі Қытай мен Қазақ­станды, іргелес Орталық Азия мемлекеттерін жақындата түсе­ді. Оның жалпы ұзындығы 293 ща­қырымды құрайды. Желіні пай­далануға беру биылғы жыл­дың желтоқсанына жоспарла­нып отыр. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.