22 Шілде, 2011

Даму стратегиясындағы тың көзқарастар

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20 шілде күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төраға­лы­ғымен  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда Қордың еншілес және бағынышты компанияларының акция­ла­рын орналастыру бағдарламасы қаралып, ол бүтіндей алғанда ма­құл­данды. Сол сияқты кеңес отырысында Қорды дамыту стратегиясы тал­қы­ланды. Қазақстанның әлемдік қаржы дағдарысы зардаптарын табысты еңсергенін ескере отырып, «Самұрық-Қазына» қоры дағдарысқа қарсы бағдарламаны аяқтап, өзінің құрылуындағы бастапқы мақсат болып табылатын Қордың өзінің және еншілес компанияларының ұзақ мерзімді бағалылығын ұлғайтуға бағдар ұстануы тиіс. Стратегияға деген жаңа көзқарас корпоративті басқару принциптерін  енгізу, инно­вацияларды ынталандыру, белсенді инвестициялық саясат жүргізу есебінен Қор компанияларының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін қарастырады. «Егемен-ақпарат».