2011 жылғы 12 мамыр, Астана, Үкімет үйі
Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі және тіркеу есебінен алып тастау» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық, цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдер мен мазуттың кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың және ұсталған (төленген) салықтар сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Арнаулы салық режимін қолдану үшін дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Арнаулы салық режимін қолдану туралы немесе арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Темекі өнімдеріне акциздік маркалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) «Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік қызмет стандарты;
14) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
15) «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттік қызмет стандарты;
16) «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
17) «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
18) «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік қызмет стандарты;
19) «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік қызмет стандарты;
20) «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
Толық мәтіні