23 Шілде, 2011

Кеше...

345 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...көшпелі ғылыми конференция басталды Қостанай облысында ел Тәу­елсіздігінің 20 жылдығына ар­нал­ған көшпелі ғылыми-прак­тикалық конференция бас­­тал­ды. Оны Қостанай өңірлік тарихи зерттеу институты мен об­лыс әкімдігінің ішкі саясат бас­қармасы ұйымдастырды. Конференция алдымен Де­ни­сов және Қамысты аудан­да­ры­нда басталды. Оған мектеп мұ­ға­лімдері, аудандағы мәде­ни­ет ошақ­тары мен архив қыз­мет­кер­лері, өздері тұрған өлке та­рихы қызықтыратын тілек біл­ді­ру­ші­лер­дің барлығы да қатыс­ты. Конференцияда об­лыс­­тағы белгілі ғалымдар, ғы­лым док­тор­­ла­ры мен канди­дат­тары А.Күзем­байұлы, Е.Әбіл, Д.Легкий, С.Самаркин, А.Шал­ғын­баев, тағы бас­­қалар сөз сөй­леді. Ғалымдар тәуел­сіз­діктің қайнар бастауы, президенттік би­ліктің дамуы жә­не эконо­ми­калық, саяси, әлеу­мет­тік сала­лардағы түбегейлі жа­ңа­руларды жүзеге асыру­дағы оның рөлі туралы әңгімеледі. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай. ...Көкшетауға елші келді Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко жұмыс ба­бын­­дағы сапармен келген Ук­раи­­на­ның Төтенше және өкі­лет­ті елшісі Олег Деминді қа­был­дады. Кездесу барысында өзара ын­ты­мақтастықтың өз­ек­­ті мәсе­ле­лері талқыланды. Соңғы екі жылда ақмола­лық­тардың бауырлас елмен ара­­­дағы тауар айналымы 1,5 есе өсіп, 3,5 миллион доллар­ды құ­ра­ды. Кездесуге қатыс­қан об­лыс кәсіпкерлері 46 мыңдай ук­ра­ин ұлтының өкілі тұрып жат­қан өңір үшін мұ­ның жеткіліксіз екендігіне назар ауда­рып, бірлескен кәсіп­орындар құ­ру ту­ралы жаңа жоспар-жо­ба­ла­ры­мен бөлісті. Украина елшісі мұндай ұсы­ныс­тардың құн­ды­лығын атап өтті. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы. ...Жидебайды ән тербеді Тілші қосына Абай аудан­дық мәдениет үйінің әдіскері Дана Сәрсембаева хабарла­сып, соңғы отыз жылдан бері хал­қымыздың ән өнерін тын­бай насихаттап келе жатқан Татьяна Бурмистрова жуырда Жи­дебайдағы Абай – Шә­кә­рім кесенесіндегі амфитеатрда өзінің есептік концертін өткізгенін жеткізді. Ел тәуел­сіз­дігінің 20 жылдық мерекесі құрметіне орай өткізілген тамаша кеште тек бір Татьяна ғана емес, онымен ілесе келген басқа да орыс тілді азаматтар мен азаматшалар Абай әндерін, жал­пы қазақ әндерін бірінен кейін бірі шырқата орындапты. Әсерлі ән кешінен соң аудан әкімі Тұрсынғазы Мү­сә­пір­бе­ков Татьянаға хакім ұр­пақтары атынан ризашылық білдіре келіп, халқымыздың жо­рал­ғы­сы­мен оның иығына қамзол жа­уып, бөртпе шәлі іліп, Абай кітабы мен өзінің алғыс хатын қоса тапсырыпты. Дәулет Сейсенұлы, Шығыс Қазақстан облысы.