23 Шілде, 2011

Көлік көптік етпейді

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құқық қорғау саласы қыз­меткерлеріне «УАЗ», «Нива», «Шкода», «Шевролет» марка­лы 89 автокөлік кілтін салта­натты жағдайда тапсырды. Был­тыр осындай көліктердің 87-сі берілген болатын. Оған 291 мил­лион теңгенің көлемінде қар­жы бөлінген еді. Ал биылғы  көліктерге 251 миллион теңге жұмсалған. ШҚО ішкі істер де­партаментінің бастығы, полиция полковнигі Рашид Жақы­повтың айтуынша, осындай жа­ғымды жаңалықтар арқасында облыстағы ішкі істер органдары көліктерінің 90 пайызы жаңар­тылып отыр. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.