23 Шілде, 2011

Арнайы өкілмен кездесті

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов елімізге қысқа мерзімді сапармен келген БҰҰ Бас хатшы­сының арнайы өкілі, БҰҰ аймақтық орталығының басшысы, елші Мирослав Енчамен кездесті. Кездесуде Қазақстан Респуб­ли­касы мен БҰҰ ынтымақтас­ты­ғының тиімді жақтары талқы­лан­ды. Сонымен бірге Орталық Азия өңіріндегі қазіргі жағдай, ұй­ым­дасқан трансшекаралық қылмыс­қа, терроризм мен экстремизмге қарсы шараларды, есірткі тара­туға қарсы іс-қимылдарды жетілдіру, су-энергетикалық проб­ле­маларды шешу сияқты мәселелер қаралды . Одан кейін тараптар ШЫҰ Саммитінің Орталық Азия өңі­ріне қатысты шешімдерін іске асы­ру мәселесін шешу және Ас­тананың ИЫҰ министрлер кеңе­сіндегі төрағалығының басым­дық­тарын жүзеге асыру мәсе­ле­сіне тоқталып өтті. Осы жерде БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкі­лі М.Енча еліміздің халық­ара­лық саяси сахнадағы белсенді қызметіне жоғары баға беріп, Қа­зақстанның Ауғанстан мен Қыр­ғыз­стандағы саяси оқиғалардың ор­тасынан табылып, жағдайды тұ­рақтандыруда атқарып жатқан жұмысы қай елге болсын үлгі алуға тұрарлық істер екенін атап өтті. Сонымен бірге, ол Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ядро­лық қару-жарақты қолдану сая­са­тына қарсы ұстанған саясатын бү­кіл әлемнің қолдауына ие болып отырғанын, осыған орай Қазақ­стан басшысы биыл Нью-Йорк қаласында ядролық қаруға қарсы өтетін әлемдік саммитке тағы да шақырылатынын айтты. Дастан КЕНЖАЛИН.