Үкімет • 16 Қаңтар, 2017

Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

5267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев банк вице-президенті С. Мюллердің басшылық етуімен, Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
Кездесу барысында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері, соның ішінде «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне қатысты мәселелер талқыланды.