26 Шілде, 2011

Еңселі елдің ұланымын

804 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мен Астанадан алыста жат­қан ауыл мектебінің 8-ші сынып оқушысымын. Тәуелсіздіктен ке­йін өмірге келдім. Әйтсе де менің келешегіме үлкен жол ашқан тәуелсіздіктің жөні бөлек. Біздің ата-бабаларымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деген екен. Осы тәуел­сіздікке дейін қазақ жерінде еркіндікті аңсаған 300-ге таяу ұлт-азаттық көтері­лістері болыпты. Мен тарихи кітаптарды көп оқимын. Сол кезде байқағаным, тәуелсіздікке жету оңай болма­ған екен. Жүздеген Алаш ұл­дары бастарын бәйгеге тігіпті. Ондағы мақсаты, қазақ халқы­ның қолын тәуелсіздікке жеткізіп, ұрпағын бодандықтан құт­қару болыпты. Біз жақында Отанымыздың барлық өңірінен 150-ден астам оқу­шы Астанада басқосып, Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдығына арнал­ған «Қазақстанның жарқын бола­шағы – жастардың көзімен» деген тақырыпта шығарма жаз­дық. Сонда тәуелсіздік туралы өз ойлары­мыз­ды айттық. Осы шара­ға ұйыт­қы болған «Дарын» рес­публикалық ғылыми-практикалық орталығы еді. Арман қуып, елдің ертеңіміз деп жүрген замандастарым жазған шығармалармен танысып, ой-пікірлерін тыңдағанда Отанға деген патриоттықты айқын сезіндім. Тәуелсіздіктің алдындағы тыныс-тіршілігімізді, одан кейінгі 20 жыл ішіндегі өркендеуімізді ортаға сал­дық. Бұрын біздің алдымыздағы ұрпақ әрі кетсе Мәскеу қаласына барған екен. Ал қазір білімді жастар төрткүл дүниені шарлап жүр. Бізбен кездесу кезінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері ел қамқорлығының арқасында әлем­нің атақты білім орда­ларында оқы­ғанын айтты. Білімді жасқа қашанда жол ашық екенін жеткізді. Біз білім сайысында Астананы да аралап көрдік. Арқадан кербез Алматыға, Алтайдан Каспийге дейінгі аралықта өмір сүріп жатқан Қазақ елінің ұл-қыздары елорданың ғажайыптарымен танысып, «Бәйтеректің» басына көтеріліп, әсем қалаға қызыға қарадық. Мектеп бітіргеннен кейін осы қалада оқысақ деген арман әр оқушының көкейінде сайрап тұрды. Мұның бәрін біз тәуелсіздіктің арқасы деп білеміз. Бибігүл ӘЛЖЕКЕСОВА, Х.Наубетов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы. Атырау облысы, Исатай ауданы.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025