Балалардың жазғы демалысының дұрыс ұйымдастырылуы, олардың білімге деген ынтасын арттыратыны анық. Жарма ауданы, Жалғызтөбе кентіндегі орта мектеп басшылары осыны алдын- ала ойластырған еді. Сөйтіп, бірінші ауысымда 135 баланың демалысын қолға алған болатын. Мұндай үрдіс жаз бойы жалғасын тауып келеді.
Лагерьдің жақсы жұмыс істеуіне кент әкімі Е.Закимов те өз үлесін қосты. Ал ата-аналардың арасынан балалар демалысын дұрыс ұйымдастыруға ұйытқы болған Н.Малғаждарова екенін айта кетсек деймін. Сол секілді ауылымыздың жеке кәсіпкері Ә.Орынбасарова да өз үлесін қосты.
Қазір лагерьде жүрген балалар демалыс кезінде алуан түрлі шаралардың куәсі болып жүр. Мысалы, «Тапқыр достар», «Көңілді эстафета», «Мен нашақорлыққа қарсымын», «Мені қоршаған орта», «Астана – арман қала», тағы басқа да тақырыптар бойынша пікір алысулар ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылып, сурет салудан, спорттық ойындардан сайыстар өткізілуде. Адамзаттың алыбы ақын Абайдың туған жеріне саяхат жасау, оның шығармалары бойынша конкурстар өткізу жұмысы да оң шешімін тауып жатыр. Жалғызтөбе округі «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Анар Тышқанбаева оқушылармен жүздесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәрбиелі де тәлімді, сауатты да саламатты ұрпақ өсіру жөніндегі сөздері бойынша ой-өрбітіп, мына лагерь соның нәтижесі деген ой-байламын алға тартты.
Біздің Жалғызтөбе орта мектебінің «Ақжелкен» демалыс лагері жыл сайын осылай жақсы істерге ұйытқы болып, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырып келеді. Бұл оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына, теріс жолға түспеуіне әсер етуде, дейді лагерь басшысы Б.Рахматуллина.
Ермек МНАФИЯНОВ.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы.

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21