Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының бір топ тұрғындарын белгісіз алаяқ жер қаптырып кетті. Алданғандардың көбі – зейнеткерлер.
Алматылық жас жігіт «Эко пласт» ЖШС-на қарасты жалған филиал құрады. Іле-шала 50 пайыздық жеңілдікпен пластикалық терезе жасаймыз деген жарнама жариялайды. Сол-ақ екен, тапсырыс берушілер қатары қалыңдап сала берді. Офис қызметкерлері тиісті құжаттарды тап-тұйнақтай дайындап, шытырлаған ақшаны «мекеменің директорына» өткізе береді. Арада санаулы күндер өткеннен кейін «арзан бағаға терезе алушылар» алаяқтардың қармағына түскендерін біліп, сан соғады. Жергілікті полицейлер 40-қа жуық адамның 1,5 миллион теңгесін қолды еткенін анықтаған. Қазір алаяқтың фотобейнесі жасалып, іздестірілу үстінде.
Өмір ЕСҚАЛИ.