27 Шілде, 2011

41-дің қаһарлы күзі

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстанның Ресейдегі ел­ші­лігінің қолдауымен Мәскеу­дегі Ұлттар үйінде тарих ғы­лым­дарының докторлары, профессорлар Владислав Григорьев (Мәскеу) пен Ләйла Ахметова (Алматы) жазған «Яростный 1941. Размышления историков» деп аталатын кітаптың таныс­тырылымы болып өтті. Ол Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл толуына орай ұйым­дас­тырылған дөңгелек үстел та­қы­рыбымен үндесіп, көпшіліктің ықы­ласын тудырды. Кітаптың құн­ды сипатын негізінен бұған дейін Ресей, Қазақстан, Германия елдері мұрағаттарында сақ­та­лып келген, таяу мерзімде ашылған материалдардың – әс­кери-мемуарлық әдебиеттердің, кеңестік және неміс әскерлері командирлері күнделіктерінің, соғысқа қатысушылардың естеліктері мен ой-толғамдарының жинақталып, талдана ұсыныл­ған­дығымен білдіруге болады. Авторлар кітап туралы жал­пы мағлұмат бере келіп, тақы­рып­қа келу, материалдар жинақ­тау, ха­лықтың қаһармандығын көрсету бағытындағы шығарма­шы­лық әре­кеттері туралы кеңі­нен баян­дады. Кітапта 1941 жыл­­ғы шайқастар­ға, соның ішін­­де Брест қамалын қорғауға қатыс­қан қазақстандық­тардың тізімі алғаш рет берілген. Сондай-ақ Қазақстанда жасақ­тал­ған атақты 8-гвардиялық дивизия туралы жан-жақты жазыл­ған. Кітапта осы тақырыпқа тікелей қатысты адам аттары, цифр­лар, атаулар және басқа нақты материалдар көптеп кездеседі. 1941 жылғы оқиғаларды әділ таразылай отырып, автор­лар соғысушы тараптардың әс­кери жай-күйіне, соғыс қарса­ңын­дағы кадр саясаты мәселе­сіне, жекелеген әскери мемлекеттік қайраткерлер рөліне тоқ­талып, тұтастай кезеңнің құ­жат­­тық шындығын ашуға ты­ры­­сады. Дөңгелек үстел бары­сында қатысушылар сондай-ақ бұл еңбектің талдамалы әрі салыстырмалы тұрғыда жа­зыл­ғанына мән бере келіп, оның оқу құралы үлгісінде жарық көруі қалың оқырманды, әсі­ресе, Қазақстан мен Ресейдің оқушы жастарын қаһарлы қы­рық бірінші жылдың шынайы оқиғаларымен тереңірек таныс­тыруға ықпал ететініне баса назар аударды. Серікқали БАЙМЕНШЕ, «Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.