02 Тамыз, 2011

Бақылауға алынды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпи­де­миологиялық қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облысының Жәні­бек ауданына қарасты Таловка елді мекенінде Сібір жарасына күдікті екі жағдай тіркелгенін хабарлайды. Ағымдағы жылдың 30 шілдесі күні ол адамдар аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлім­шесіне жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа деп бағалануда. Эпидемиологиялық тексеру кезінде бұл азаматтар 20 шілдеде сиыр союға қатысқаны анықталды. 110 кг. ет алынып, өртелді. Батыс Қазақстан облысының СЭҚКД мамандары мал дәрігер­лерімен бірлесіп, ошақта эпидемияға және эпизоотияға қарсы жұмыстар атқаруда.