02 Тамыз, 2011

Жастар орталығы жұмыс істей бастады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық «Діни ақпараттық кеңес» қоғамдық қоры жанынан «Сана» деп аталатын жастардың волонтерлік орталығы ашылды. Жаңа ұйымды құруға облыстық «Жас Отан» жастар қанаты мүдделестік қолдау көрсетуде. Қазір арнайы куәлік тапсырылған он жас белсенді жұмысқа кіріссе, еріктілердің келесі тобы оқуға тартылып отыр. Жұмысшы және студент жастардың дін өкілдерімен алғашқы кездесуі әсерлі өтті. – Жақын күндері «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ғимаратында, мешіттер мен шіркеулерде, жастар лагерьлерінде бейнефильмді семинарлар, дөңге­лек үстел мәслихаттары, флешмобтар ұйымдастыру жоспарланған, – деді еріктілер орталығының жетекшісі Әлия Мұхамедәлиева. – Біздің мақсатымыз, жас­тарды әрқилы секталардың теріс ықпалынан сақтан­дыру. Өйткені, діни ағымдар жөніндегі ақпараттың әлсіздігі, оның шын мәнін білмеу мен түсінбеушілік көптеген замандас­тары­мызды адастырып жүргені мәлім. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.