02 Тамыз, 2011

Жерлестеріміз елге оралды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұдан бұрын хабарлағанымыз­дай, тауға саяхатқа шыққан қазақ­стандық 12 азаматты шекарадан өтіп кетті деген желеумен өзбекстандық шекарашылар ұстап, ересек 4-еуін Кибрай қаласындағы оңалту орта­лығына, ал қалған 8 баланы Янгиюль кәмелет жасқа толмаған бала­ларға арналған арнайы қабылдау бөліміне орналастырған болатын. Екі ел сыртқы істер министрлері арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 30 шілде күні шамамен сағат 22.00-де тиісті шара­лар­ды жүзеге асырғаннан кейін Қа­зақстан Республикасының консулы Қазақстанның кәмелетке толмаған сегіз азаматын елімізге жеткізіп сал­ды. Ал келесі күні, яғни 31 шілдеде қазақстандық ересек төрт азамат та отанына оралды. «Егемен-ақпарат».