02 Тамыз, 2011

Қайырымдылық акциясы басталды

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппа­­ратында «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хат­­шы­лықтың жетекшісі Н.Сыдықов пен «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы А.Добровольский әлеу­меттік аз қам­тылған отбасылардағы ба­ла­лар­ға қажетті мектеп заттарын жинауға ар­нал­­­ған «Баланы мектепке даярлайық!» атты рес­публикалық қайырымдылық ак­циясының басталуына орай брифинг өткізді. Аталмыш іс-шара жыл сайын жағдайы төмен отбасылардан шық­­қан балалар мәселесіне қо­ғам­ның назарын аудару, тұрғын­дардың осы санатына үнемі қол­дау көрсетіп, көмек беру, аз қам­тылған отбасы мен жетім ба­ла­ларға көмектесуге бизнес-құры­лымдарын және үкіметтік емес ұйымдарды демеушілікке тарту мақсатында өткізіледі. Брифинг өткізушілер осындай отбасылар да бізбен қатар өмір сүріп от­ырғанын ескере отырып, көмек­тесуге дайын азаматтарды қала­лық мәслихат депутаттарымен, бизнес құрылымының басшыла­рымен, үкіметтік емес ұйымдар­­дың белсенділерімен және БАҚ өкілдерімен бірлесіп қолұшын беруге шақырды. Әлеуметтік аз қамтылған от­ба­сылардағы балаларға қажетті мектеп құралдарын жинауға ар­налған «Баланы мектепке даяр­лайық!» атты республикалық қай­­ырымдылық акциясы 1-26 тамыз аралығында барлық өңір­лерде өз жалғасын таппақ. Республика бойынша көмекті қажет ететін, жағдайлары жоқ отб­а­сы­лардан шыққан мектеп жасын­дағы балалардың саны 254235 құрайды. 2010 жылы осы акция бойынша «Жас Отан» ЖҚ 19325 балаға көмек көрсеткен болатын. «Егемен-ақпарат».