02 Тамыз, 2011

Елдің ішкі ісіне араласу болып табылады

485 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Белгілі болғандай, Еуропарламент депутаты Пол Мерфи өзінің Маңғыстау облысына жасаған са­па­ры барысында Қазақстан азамат­тарын жаппай акцияға шақырып, Қазақстанның атқарушы және сот билігіне орынсыз тіл тигізуге жол берген. Пол Мерфи тарапынан біз­дің еліміздің заңнамасына сәйкес жол берілмейтін істер, яғни сот жұмысының қызметіне араласу, сот пен оның шешімдеріне қысым жа­сауға тырысқаны байқалды. Заң бой­ынша мұндай іс-әрекетке бар­ған­дар жауапқа тартылады (Қазақстан Республикасының Ата Заңы 77-бап). ҚР СІМ жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, Еуропарламент өкілдерінің тәуелсіз Қазақстан Рес­публикасының ішкі шаруасы болып табылатын мәселелерге араласуына жол берілмеу қажет деп санайды. Сонымен қатар, елдегі саяси тұ­рақ­сыздық пен қоғамдық қарама-қай­шылықтар туғызатын кез келген акциялар мемлекетіміздің Ата За­ңында бекітілген принциптерге қар­сы келеді. Сондай-ақ Еуропарламент депутатының кейбір айтқан сөздерінен әлеуметтік араздасуға жол берілген. Бұл әрекетке де қыл­мыстық заңнамамен жауапқа тар­тылады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабы). Еуропарламент депутаты Пол Мерфидің әрекеті мен сөздері ха­лықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын қатаң бұзғаны бо­лып саналады және де БҰҰ Жар­ғысының негізгі принциптеріне қай­шы келеді (7-тармақ, 2-бап, мем­­лекеттің ішкі құзыретіндегі мә­се­лелерге араласпау). Атап айтқан­да, 1970 жылғы халықаралық құ­қық принциптерінің декларация­сы­на; 1982 жылы БҰҰ Бас Ассам­блеясымен мақұлданған, Мемле­кет­тің ішкі мәселелеріне қатысты интервенция мен қол сұғушылыққа жол бермеу жөніндегі деклара­ция­ға; 1975 жылғы Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық жөнін­де­гі кеңестің Қорытынды акт прин­циптерінің декларациясы және Қа­зақстан Республикасы мен Еуро­па­лық қауымдастық және оның мүше елдері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі келі­сім­нің (1995 жылдың 23 қаңтар) негізіне қайшы келеді. Сыртқы саясат ведомствосының тиісті ұстанымы ЕО өкілдеріне мәлімделді. Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері Еуропарламент тарапынан тиісті түр­де бағаланып, қазақстандық тарап ол туралы дер кезінде хабардар бо­ла­ды деген үміт артамыз, деп ха­барлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспа­сөз қызметі.