02 Тамыз, 2011

Кеше...

231 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...ашық аспан астындағы кинотеатр ашылды Тараз қаласындағы Қазақ­стан­­­ның Тұңғыш Президенті сая­­ба­ғында ашық аспан ас­тын­дағы кинотеатр ашылды. Облыс әкім­­дігіне қарасты мәдениет басқар­масы «Ки­но әлемі» деген атпен ұйым­дас­тырған бұл акцияда отандық кинематогра­фия­ның үз­дік туын­ды­лары көрсе­ті­леді. Ак­цияның ал­ғашқы күні саябаққа келген кө­рер­мендер назарына Елбасының бал­дәу­рен балалық шағы туралы тү­сірілген «Бала­лық шағымның ас­паны» атты фильм ұсынылды. Үстіміздегі жылдың қыр­күй­ек айына дейін жалғасатын акцияда көптеген қазақ фильм­дері көрсетілмек. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.   ...«Қараөткел-2011» жәрмеңкесінің қорытындысы шығарылды Осымен 5-ші рет өткізілген Қазақстан агроөнеркәсіп жетіс­тік­терінің «Қараөткел-2011» жәр­меңкесінен Қызылжар өңі­рі­нен қатысушылар үлкен жетістіктермен оралды. Облыс «үздік павильон», «үздік киіз үй» және «үз­дік салт-дәс­түр­лер» аталымдары бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Солтүстік Қазақстан ауыл ша­руашылығы тәжірибе стан­са­сы «үз­дік тұқым шаруашылы­ғы», «Сұл­тан Маркетинг» ЖШС «үз­дік тауар өндіруші» аталымда­ры­на ие бол­ды. Ауыл шаруашылы­ғы өнімдерін шыға­румен айна­лы­сатын шаруа­шы­лықтар арасы­нан «Арқалық» ШҚ, «Зенченко және К» командиттік серіктестігі, «Фрегат», «Алекри» серіктестіктері, Мамлют ұн үгу комбинаты арнай дипломдармен ма­рапаттал­ды. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.   ...«Кім? Қайда? Қашан?» ойынының  жылдық жарысы аяқталды Бұл бәсеке былтырғы осы уа­қытта басталған еді. Оған 100 команда қатысты. Соның ішінде Қа­ра­ғанды облысы әкімінің ку­бо­гын жеңіп алу үшін 17-і сай­ыс­ты. Бірінші орынды қараған­ды­лық­тар мен теміртаулық тап­қыр­лар бөліс­ті. Со­нымен қатар әр­түр­лі номинациялар бойынша Никита Рената, Әділ Тә­жин, Максим Дерябин, Павел Соло­щен­ко сияқты ойын­шы­лар көз­ге түсті. Қыркүйек айының соңында суперкубокты иеленуге ақтық жарыс өтеді. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.