03 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 846

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 22 шілде,  Астана, Үкімет Үйі «Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер  енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына (Қазақстан Респуб­ликасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы»; кіріспедегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі),» деген сөздер алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру ережесінде: 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Заңды немесе жеке тұлғаның өтініші бойынша тіркеуші орган оны берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде кеме тіркелген Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді көшірме немесе көшірме нысанында ақпарат береді. Бұл ретте үзінді көшірме:». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.