Заң • 01 Қаңтар, 2010

ЗАҢДАРДЫҢ ТӨРЕСІ

12742 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2010 жылы Қазақстан Конституциясы қабылданғанына 18 жыл толады. Ал Тәу­елсіз еліміздің Ата Заңы бірнеше қағи­дат­­тардан тұрады. Тұжырымдамалық не­гізінің бастысы қоғамның саяси тұрақ­ты­лығын, әлеуметтік-экономикалық да­муын қам­тиды.

ЗАҢДАРДЫҢ ТӨРЕСІ

Қазақстандық патрио­тизм негізін қалыптастырады. Демокра­тия­лық тәсіл­мен Үкіметтің, биліктің өз­ге­рістерін ре­фе­рендум немесе Парла­мент­тің заң қа­был­дауы арқылы жүзеге асыруға болады. Осы принциптерді біздер түпқазық ре­тінде ұстауымыз қажет. Конституцияның түпкілікті қағидасы – Қазақстанды жан-жақты дамыту, қоғамды демократиялық жолмен алға бастыру. Біздер депутаттық қызметімізде заң жо­баларымен танысқан сәттен-ақ өз ісімізді Конституциямен тікелей байла­ныс­тырып отырамыз.

Парламентке Үкі­меттен жаңа заңдардың жобалары түседі, қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар ұсынылады. Кейде қоғам­ға аса қажетті заңдарды шығару үшін де­путаттар да заң жобаларын әзірлеп, бас­тамашылық жасайды. Соның барлығы Ата Заңға сәйкес болуы тиіс. Яғни, заң шы­ғарушылықпен айналысатын адам­ның жұмыс үстелінде Конституция жатады. Талқыланып жатқан заң жобаларына орай ел тұрғындарынан түсетін ұсыныс­тар да көп болады. Оны депутаттар жүйе­леп, жұмыс тобына ұсынады. Соның ішінде қоғамға аса қажеттісін, Ата Заңға сәйкес келетінін қабылдаймыз. Кейде аздаған түзетудің өзі Конституцияға сәйкес келмей жатса, немесе басқа кодекстер мен заңдардың нормаларына қайшы келгенде, талқылаудың ұзаққа созылатыны, пікір­та­лас­тар туындап жататыны анық.

Америка Құрама Штаттары өз конституциясына екі ғасыр бойы өзгеріс енгізбеген екен деген пікірді айтып жатады. Америка ешкімнің боданында болған жоқ. Әрине, әр мемлекеттің құ­рыл­ған кездегі жағдайы әртүрлі болады. Сондай-ақ, ұстанған бағыттары да әртүрлі. Біздің мемлекетіміз бұрын Кеңес одағының құрамында болып келді. Ол жүйеден шығып, өз алдына тәуелсіздік алған тұста бірден дамыған елдердің ұс­танымындай талаптарды қоя алмайтыны белгілі. Ол кезде көзқарас басқа болды.. 2007 жылы 21 мамырда Конститу­ция­ға өзгерістер енгізілді. Өзгерістер мен толықтырулар енгі­зі­лерде кәсіби сарапшылардың талдауынан өткізіледі. Дамыған елдердің бірінде мынадай бір бап бар екен деген ұран­да­ған пікір бойынша кез келген толық­тыруды енгізуге болмайды. Өйткені, халқымыз айтқандай, “әр елдің салты басқа”. Енгізілетін толықтыру қоғаммен, халықпен байланысты болуы тиіс.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың: “Ең бастысы, кім екеніне қарамастан, әр адам Конституция қағи­даларын қатаң сақтауға міндетті. Біздің бәріміздің заңды білуіміздің маңызы зор. Ал оларды орындауымыздың маңызы одан да зор. Онсыз біздің өркендеген мемлекет орнатамыз, елімізде тәртіп орнатамыз деген ниетіміздің бәрі бекер. Мемлекет құру ісі – үздіксіз процесс, ол мемлекет канша өмір сүрсе, сонша уақыт жүргізіле бермек”, – деген сөзі ойымызды дәлелдей түседі.

 

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,

Мәжіліс депутаты