05 Тамыз, 2011

Өз сұрақтарына нақты жауаптар алды

500 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бастамасымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болу мәселелері бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні кең ауқымды акциясы партияның барлық филиалдарында өткізілді. «Нұр Отан» партиясы Төр­аға­сының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығматулин өз қабылдауын өткізген партия Орталық аппа­ра­тының қоғамдық қабылдау бөл­месіне бизнес өкілдері өздерін тол­ғандырған әртүрлі мәселе­лер­ге жауап алу үшін келді. Ол – жаңа жабдықтарды сатып алу, өндірісті кеңейту үшін қосымша мемлекеттік қолдауға ие болу, заманауи бизнес-технологиялар бой­ынша білім алу, субсидиялау және несиелеуге қатысты мәселелер. Мысалы, «№4 Автобус паркі» ЖШС директоры Нәсіпбай Сма­ғұ­лов «Бизнестің жол карта­сы-2020» бағдарламасы бойынша лизингтік келісім-шарттар негізінде пайыздық мөлшерлерді субсидиялау мүмкін бе деген сұ­рақпен келген екен. Ол алған жауабына толық қанағаттанды. – «Нұр Отан» партиясы президенттік бағдарламалар бойынша өте жақсы жұмыс істеп жатқанын білемін. Бірыңғай қабылдау күні өткізілетінін білген соң, партия­ның қоғамдық қабылдау бөл­ме­сіне келдім. Бүгін менің сұрағыма жай ғана мазмұнды жауап бермей, сонымен бірге, Экономика министрлігімен бірлесіп, мәселемді ше­шудің нақты жолдарын анықтап берді, – деді Н.Смағұлов. Ал Артем Щеглов қағаз қалдықтарын қайта өңдеу және жұмыртқа қап­тамасын жасап шығарумен айна­лысатын кәсіпорында жұмыс істейді. Ол өз өндірісін кеңейтпек ниетте. Ол үшін оның ойынша, тиісті білім алу қажет. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша осындай жағдайда кө­мек қарастырылған ба? – «Бизнестің жол карта­сы-2020» президенттік бағдарла­масы өте дұрыс және біз үшін аса қажет. Және де бүгін қабылдауға келіп, мен осы бағдарлама шең­берінде «Іскер байланыстар» жо­басы бар екенін білдім. Осы жоба кәсіпкерлердің бизнес-тренингтерден өтіп, бизнес жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдерін оқып-бі­луіне мүмкіндік береді. Мен міндетті түрде осы мүмкіндікті пай­даланамын, – деп ағынан жа­рыл­ды ол. Осы күні партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­матулиннің қабылдауына, сондай-ақ «Фолиант» баспасының, «Елжас АЖ» балабақшасының өкіл­дері де келді. Олардың барлығы өз сұрақтарына нақты жауаптар алды. Республикалық акцияның қо­рытындыларын шығара келіп, Нұр­лан Нығматулин: «Бүгін елі­міздің барлық аймақтарында өт­кізіліп жатқан «Бірыңғай қабыл­дау күн» акциясы, ол ең алдымен, Елбасымыз, «Нұр Отан» партия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың бастамасымен қабылданған аса маңызды бағдар­ламалар бойынша халықтың то­лық ақпарат алуына мүмкіндік бер­ді. Және де бүгін еліміздің жүз­деген кәсіпкерлері өз сұрақ­тарына да нақты жауаптар  алды», – деді. «Нұротандықтардың» айтуын­ша, «Бірыңғай қабылдау күні» бір реттік акция емес. Халықтың мұн­дай іс-шараларға деген қызы­ғушылығы өте жоғары. Сондық­тан партия алдағы уақытта да осындай акцияларды өткізбекші. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 34 мыңға жуық өтініш келіп түс­ті. Бұл – халықтың Президенттің партиясына деген зор сенімінің дәлелі. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.