06 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №118

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың  2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы Елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемін: 1. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі бол­жам­ды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) үш ай мерзімде Болжамды схеманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы №167 Жарлығының (Қазақстан Республика­сы­ның ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №31, 337-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті   Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 21 шілде, №118