09 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №517

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 14 мамыр, Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 520-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесінде: «Топтық жүйелер» деген 1-бөлімде: «Оңтүстік Қазақстан облысы» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1-жолмен толықтырылсын: «34-1 «Қажымұқан-Қараспан» топтық су құбыры»; «Оқшау жүйелер» деген 2-бөлімде: «Қызылорда облысы» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 198-1, 198-2, 198-3, 198-4 жолдармен толықтырылсын: «198-1 «Төретам» оқшау су құбыры; 198-2 «Ақай» оқшау су құбыры; 198-3 «Тереңөзек» оқшау су құбыры; 198-4 «Жалағаш» оқшау су құбыры». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі       К. МӘСІМОВ.