09 Тамыз, 2011

Жастарға пайдалы жоба

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақын арада Білім және ғы­лым министрлігінің кубогы жо­лын­да студенттік футбол лига­сы­ның күзгі маусымы басталады. Биылғы жарыста командалар өткен жылдағыдай Орталық, Сол­түстік, Шығыс, Батыс, Оң­түс­тік-1, Оңтүстік-2 болып алты өңір­лік топқа бөлінеді. Осы өңір­­лердің әрқайсысынан  финал­ға тек екі команда ғана шығады. Ал жеңімпаз команда ел Тәуелсіз­ді­гі­нің 20 жыл­дығы қарсаңында анық­­та­ла­ды. Бұл турнирге бар­лық әуес­қой студенттік командалар қатыса ала­ды. Өткен жылы турнирдің же­ңім­пазы болып Қорқыт Ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік уни­вер­си­тетінің ко­ман­дасы атанған еді. «Әуесқой футбол лигасы» қоғамдық ұйымының президенті Ерлан Жарылқасыновтың ай­туын­ша, студенттік футбол лига­­сы­ның мақсаты – жастарды ор­тақ мақсатқа біріктіріп, олар­дың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін дене тәрбиесі және спортпен айналысуларына, жас кезінде саламатты өмір салтын ұста­нып, футболдың насихат­талуына мүмкіндік жасау. Со­ны­мен бірге, жоғары оқу орын­дары арасынан футбол команда­ларын іріктеу.