09 Тамыз, 2011

«Һибатулла Тарази» мешіті қайта жаңарды

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараз қаласының төріндегі «Һибатулла Тарази» мешіті қасиетті Ораза айы қарсаңында шығыс сәулет өнерінің сән-салтанатымен қайта жөнделіп, Құран кәрім аяттарымен, Алла тағаланың мүбәрәк есімдерімен және дұға-тілектермен араб тілінде айшықталып, жамағатқа жаңадан есік ашты. – Орталық көшенің бойындағы көрнекті жерде тұрғанына қарамастан, қарадүрсіндеу салынған мешіт­ті қала көркіне сай қайта безендіру туралы тілек көп ай­тылды. Енді, міне, ол Алла тағалаға құлшы­лық ор­нымен бірге, шаһарымызға шығыс пен батыстан саяхаттап келген қонақтарды тәнті ететін әсем сәулет ескерткішіне де айналып отыр, – деген облыс әкімі Қа­нат Бозымбаев жиналғандарға Ораза қабыл болсын айтты. Алла разылығы жолындағы иманды іске «СК Құлагер» компаниясы бас болып, облыстағы «Қаз­фос­фат», «SAT компани», «Нұрай», «Южкаморг» және «Арсикостройсервис» компаниялары қаржы­лай демеушілік жасаған. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.