09 Тамыз, 2011

Қарағандылық немістер тарихы

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аймақта алғаш құрылған әрі белсенді этно-мә­­дени орталықтардың бірі «Видербурт» сана­ла­ды. Оның ұйымдастыруымен өткен «Қарағанды облысындағы немістер тарихы» кітабы тұсау­кесері есте қаларлықтай болды. Еңбек авторлары Н.Куликова мен О.Яковенко осы рәсімге арнайы қаты­су­ға келген германиялық және қазақстандық не­міс­­терге қандастарының әр кезеңдегі өмір жолдары туралы баян етті. Аталған еңбек Германия үкіметінің демеушілігімен шыққан. Мұндай кітаптың елдер ара­сын­дағы тарихи байланыстар сырын ашып, терең­де­туге ықпалы зор екендігін неміс мәдениеті мен өнерінің танымал тұлғалары Рудольф Шадлен жә­не Барбара Склорте кездесуде әңгімеледі. Ал­ыс­тан келген ғалым-меймандар жергілікті әріптестерімен ізденісті ілгерілетуге ынтызарлық білдірді. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.