Неткен жаратылыс, неткен керемет деп таң қалатынмын. Шынында, қазақтың асылдары бір-бір тау шыңындай еді ғой. Қарап отырсам, мен де солардың жасына жетіп, тіпті кейбіреуінен асып та кеткендеймін. Ел газеті аталық жастасыз, халқыңызға Жаңа жылға орай баталы сөз айтсаңыз деп тілек білдіргенде аузыма түскен бірінші сөз тәубе болды. Иә, тәубе. Ел болдық, етек-жеңімізді жинадық. Көптің қатарында жүрген қазақ төрткүл дүниеге танылып, көш басынан көрінді. Талай жұрттың қабырғасын қайыстырған экономикалық дағдарысты сезіне қойған жоқпыз. Қашанда қилы кезеңде ел бастап шығатын батыл ұл керек болып тұратыны анық. Осы жағынан келгенде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ерекше көзге түсті. Халқын пәле-жалаға, қиындық-қыспаққа ұрындырмай, алға бастап келеді. Тағы бір жетістігіміз, биыл ЕҚЫҰ-ға төраға болатынымыз. Қазақ қай кезде осындай теңдікке жетіп, төрге шығып, бас ұстап еді? Тәубесінен жаңылмаған, барын бағалап, жақсысын жарқыратып көрсететін ұлттық рухымызға қарай мұндайда айтылар жүрекжарды сөз – қайырлы болсын! Барыс жылы қашанда қазаққа жаман болған емес. Ел іргесі берік болып, жарқыраған маңдайымыз ашылып, тіл-көзден аулақ болайық дейік. Биыл мен де 80-ге келіп қалыппын. Біздің алдымызда, ел ішінде тілегін білдіретін, батасын беретін ағалар, замандастар аз емес. Мен оларға да сондай жақсылықты тілеймін. Қазір айналамызда көз де көп, сөз де көп. Одан қорғайтын да, сақтайтын да елдің бірлігі, ұлтымыздың татулығы. Жасыратын несі бар, өткенді көксеп, өлермендік танытып жүргендер төбе көрсетеді. Оларға төтеп беретін қазақтың, қазақ зиялыларының ақыл-парасаты. Барыс жылы бүкіл қазақстандықтарға, өз жұртыма барыстай батыл, бәрін ақылға жеңдіріп, ел іргесін мықты ұстайтын алтын діңгек болыңыздар демекпін! Дәл бүгін бізге кешегі Алаш арыстарының ел деп еміренген ерлік-еңбегі, ұлтым деп ұйысқан, жұдырық болып жұмылған тыныс-тіршілігі керек. Осыны мүлтіксіз орындасақ, алға қойған мақсат та, міндет те орындалады. Барыс жылы табыс жылы, береке-бірлік жылы болсын, ағайын!
Еркеғали РАХМАДИЕВ, КСРО халық әртісі, композитор. Мен бір замандары қазақтың атақты абыз ұлдары Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Шәкен және басқа да асыл ағаларыма қызыға қарайтынмын. Олардың дастарқан басында берген батасын ұйып тыңдайтынмын.
14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 18:10
2025 жылы БАҚ-та қандай тақырыптар жиі талқыланды?
Қоғам • Бүгін, 17:53
2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:23
240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды
Білім • Бүгін, 17:11
Қытайда теңіз бетіне салынған күн электр станциясы пайдалануға берілді
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 17:03
Қазақстан теміржол паркі жаңарады: 2026 жылы 91 жаңа вагон қолданысқа беріледі
Оқиға • Бүгін, 16:55
Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 16:43
Қысқы Олимпиадада Қазақстанның туын кімдер ұстап шығады?
Спорт • Бүгін, 16:25
Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 16:16
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Мәдениет • Бүгін, 16:00
Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады
Футбол • Бүгін, 15:55
Автокөліктерді қай өңір көбірек өндірді?
Экономика • Бүгін, 15:33