09 Тамыз, 2011

Кәсіпкерлер партаға отырды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы «Тұран-Профи» ха­лық­аралық кәсіптік академиясында «Жұ­мыс­пен қамту-2020» бағдарламасы ая­сын­да «Бизнес негіздері» курсы бойынша шағын және орта бизнес өкілдері мен жұмыспен қамтылмағандар үшін кәсіп­керлік дағдыларын оқып-үйрену сабақ­тары басталды. Тапсырыс беруші Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп жө­нін­дегі басқармасы болса, бағдар­ламаның операторы аталған академия жанындағы «Біліктілікті арттыру институты» мекемесі болып отыр. Аталмыш бастаманың тұсауке­се­ріне арнайы келген Ақмола облыс­тық еңбек­пен қамту және әлеуметтік бағдарла­ма­ларды үйлестіру басқар­масының басты­ғы Бақыт Есімова бұл курстың кәсіп­керлікті жаңа бас­таған және әрі қарай дамытқысы келетін азаматтар үшін тигізер пайда­сы мол екенін айтты. Сон­дай-ақ, ол кәсіп­кер­лердің жаңа жобалар жасау мен бір-бірі­мен тәжірибе алмасуда көмегінің көп екенін де назардан тыс қалдырмады. – Курста болашақ кәсіпкерлерді бизнеспен таныстыру, яғни оларға идеядан бастап оны құрудың және кәсіп ашудың тиімді жолдары үйре­тіледі. Оқытушылары – практикалық жұмыста жинақтаған тә­жі­рибесі мол бизнес-тренерлер мен кеңесші мамандар. Сонымен қатар, ойын сабақ­тарын осы әдісті шетелдерден үйреніп келген білікті оқытушылар өткізеді, – дейді «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік ака­демиясының проректоры Дарын Қаппаров. Жалпы саны 150 адамды қам­тыған курстық оқулар 27 тамызға дейін жал­ғасады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.