09 Тамыз, 2011

Ізгілік нұры

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мағжан Жұмабаев атындағы облыс­тық ғылыми-әмбебап кітапха­насында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп өткізген «Кітап сыйла – ізгілік сыйла» акциясының қорытындысы шығарылды. Жиналған қауым алдында сөз алған «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Ғалым Шойкин ауыл кітапханаларын баспа өнімдерімен то­лық­тыруды мақсат ететін шараның терең маңызы барлығын атап өтті. Облыстық партия ұйымы бұған дейін балалар үйлерінің, қылмыстық атқару жүйелерінің кітапхана­ларын толықтыруда белсенді жұмыс атқар­ды. Алдағы кезде де жүректерге ізгілік нұ­рын құятын акцияларды жалғастыру ниеті қолдау тауып отыр. Оған өзге де қоғамдық ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтарды  жұмылдыру көзделген. Облыстық тілдерді дамыту басқарма­сы­ның бастығы Ғосман Төлеғұл мен облыс­тық мәдениет басқармасы басты­ғының орынбасары Базарбай Кәкенов, облыстық кітапхананың директоры Арман Бердалин және басқалар акцияға қатысушыларға алғыс сезімдерін білдірді. Қазіргі кезде игі дәстүрге айнала бастаған ша­раға жұртшылық айрықша көңіл бөліп, бел­сенділік танытып отыр. Мәселен, Сара Мұ­­қатова өзінің отбасы­лық кітапханасынан 360 атаудағы тарихи, техникалық және көр­кем әдеби кітап­та­рын сыйға тартқан. Жалпы, акция бары­сында 4 мыңнан астам кітап жина­лып, ауылдардағы білім ошақ­тарына жіберілді. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.