12 Тамыз, 2011

Ұжымдық қауіпсіздік шеңберінде

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұрнағы күні Ақордада Президенттің кө­мекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйы­мының бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады. Келіссөз барысында тараптар 12 тамыз күні Қазақстанда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне дайындық барысы төңі­ре­гін­дегі мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырды. Кездесу кезінде Н.Бордюжа жақын күндері ҰҚШҰ-ға мүше елдерге жасаған сапарының қорытындысы жөнінде баяндап берді. Бұл күні тараптар сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету, ұйымның қызметін жетілдіру және жандандыру мәселелеріне қатысты мәселелерді талқыға салды.