«Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығулары мәреге жетуге жақын. Осымен тоғызыншы рет өткізіліп отырған бұл жаттығуларға Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Литва және Қырғыз Республикасы қарулы күштерінің әскери қызметшілері қатысып жатыр.
14 тамыздан бастап көп ұлтты күштердің әскери контингенті шартты қақтығыс аймағында бітімгершілік операцияларын тәжірибе түрінде пысықтау үстінде.
Бітімгершілік күштері жексенбі күні ертемен белгіленген аумаққа жетіп, өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындауға кірісті. Олар екі күн бойы жағдайды тұрақтандырып қана қоймай, гуманитарлық операцияларды да жүргізуде. Жауапты аумақтағы іс-қимылдарды бақылауға алып, бекеттерде, жылжымалы патрульде кезекшілік жүргізіп, босқындардың көші-қонын бақылайды.
Әскери қызметшілер жарылғыш заттарды залалсыздандырып, заңсыз қаруланған банды құрамының көзін жойды.
Жаттығулардың басты тапсырмаларының бірі – бөлімшелердің шоғырлануы және іс-қимылдардың айқындығы, су кедергілерінен өту, әр түрлі жүктерді алып жүру, ең бастысы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша операциялар жүргізу. Осы қимылдардың бәрі бүгін, 16 тамызда қайыра пысықталатын болады.
Әскери бақылаушылар мен шет мемлекеттерден келген сарапшылар қазақстандық жауынгерлер өздерінің біліктіктерімен және тәртібімен ерекшеленетінін айтуда.
Бұл жаттығулар бейбітшілікті қолдау операцияларындағы «Қазбригтің» жедел қимыл жасаудағы жетістігі мен қазақстандық бітімгерлік бөлімшенің көп ұлтты құрамда тапсырмаларды орындау қабілетін тексеру болып табылады.
Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.
––––––––––––––––
Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.

Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54