16 Тамыз, 2011

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

315 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы  Туризм және спорт министрлігі

2011 жылғы 14 сәуір №02-02-18/56

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

2011 жылғы 16 мамыр №134

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 27) тармақшасына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 01-01-07/34 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 127 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6146 болып тіркеліп, 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 59 «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 6. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі   ___________ Т. ЕРМЕГИЯЕВ  Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушы ___________ М.ҚҰСАЙЫНОВ

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/56 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 134 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - өлшемдер) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, осы қызметке арналған лицензияның негізінде дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - жеке және заңды тұлғалар) өңірлер бойынша жоспарлы тексерулер өткізу үшін жеке және заңды тұлғаларды іріктеу мақсатында жоғары, орта және болмашы тәуекел санаттары бойынша тәуекел дәрежесін анықтау үшін әзірленді. 2. Осы өлшемдерде келесі түсінік қолданылған, тәуекел – тұрақты білікті жаттықтырушы-оқытушы құрамы болмауына, тұрақты медициналық қызметті көр­сете алмауынан, спорт ғимараттарының жабдық­тары мен мүліктерінің тозуынан қызметті жеке және заңды тұлғалардың көрсете алмауы салдарынан адамның өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы. 3. Тәуекел дәрежесіне қарай жеке және заңды тұлғалар жоғары, орташа немесе болмашы тәуекел топтарына жатқызылады. 4. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынық­тыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді көрсету үшін пайдаланатын спорт ғимараттардың санат­тарына байланысты тәуекел деңгейі айқындалады: 1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына жоғары санатты спорт ғимараттарында дене шынықтыру жә­не спорттық қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар жатқызылған. Жоғары санаттағы спорт ғимараттарына – негізгі параметрлері халықаралық жарыстарды (әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары, әлем кубогінің кезеңдері, Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін «А» дәрежелі халықаралық турнирлер және басқа жарыстар) өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады; 2) орташа тәуекел дәрежелі топқа – бірінші санатты спорт ғимараттарында дене шынықтыру және спорт қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалар жатады. Бірінші санаттағы спорт ғимараттарына негізгі параметрлері республикалық жарыстарды (Қазақстан Республикасының спартакиадасы, чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктар, республикалық турнирлер жә­не басқа жарыстар) өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар жатады. 3) болмашы тәуекел дәрежелі топқа – екінші және үшінші санатты спорт ғимараттарында  дене шынық­тыру және спорттық қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар спорт түрлерін дамытуға, спортшыларды жарыстарға қатысуға дайындауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын спорт түрлері бойынша федерациялар жатады. Екінші санатқа өзінің көлемі мен жарақтан­дырылуы бойынша негізгі параметрлері бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жат­тығуларға немесе жаппай жарыстар өткізуге мүмкін­дік беретін ғимараттар жатады. Үшінші санатқа ғимараттық параметрлері дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүм­кін­дік беретін ғимараттар жатады. 5. Бұдан әрі, өткізілген тексерістер нәтижесіндегі алған баллдар сомасына сәйкес тәуекел дәрежесінің өлшемдері негізінде жеке және заңды тұлғалар тиісті тәуекел топтарына жатады. 6. Алған баллдар сомасы жеке және заңды тұлғалардың тиісті тәуекел тобына өтуіне негіздеме болып табылады: жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 14 баллдан жоғары алған жеке және заңды тұлғалар жоғары тәуекел тобына жатады; жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 4 тен 13 балл алған жеке және заңды тұлғалар орта тәуекел тобына жатады; жоспарланған тексерістер нәтижелері бойынша 0 ден 3 балл алған жеке және заңды тұлғалар болмашы тәуекел тобына жатады. 7. Мынадай есептелген баллдарға сәйкес тәуекел дәрежелерін айқындайтын өлшемдер: дене шынықтырумен және спортпен жаттығу кезінде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсетуші жеке және заңды тұлғалардың кінәсінен жарақат алғаны және зақымданғаны үшін – 10 балл; 30 %-дан жоғары тозығы жеткен дене шынық­тыру және спорттық объектілерде қызмет көрсеткені үшін – 7 балл; тұрақты білікті жаттықтырушы-оқытушы құрамы болмағаны үшін – 7 балл; тұрақты медициналық қызмет көрсете алмағаны үшін – 4 балл; санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарына сәйкес келетіндігі туралы қорытындылары болмағаны үшін – 3 балл. 8. Бір тәуекел дәрежесіндегі топтың ішінде жеке және заңды тұлғаларды тексеру үшін алған баллдарының ең үлкен сомасы бірінші кезекте іріктеу­ге негіз болып табылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тір­кеудің тізіліміне № 7026 болып енгізілді.