Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге даярлық мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кеңес жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысты.
Премьер-Министр К.Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын іске асыру барысы туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, кеңес барысында Конституция күнін өткізуге даярлық, алдағы уақытта Душанбеде өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына, Астраханьдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының VIII форумына, БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы мен Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі ядролық қауіпсіздік жөніндегі отырысына қатысу мәселелері талқыланды.
-----------------------------------------
Суретті түсірген С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше