Жаңа пәтерді қалай алуға болады? Бұл мәселе қазақстандықтардың көбісін ойландырады. Әрине көптеген мүмкіндіктерді қарастырамыз және көп жағдайда жаңа тұрғын үй алудың ең тиімді тәсілі ретінде үстемдік кредит алуға беріледі. Сонымен бірге ұсынылған кредиттеу бағдарламаларын қарастыру, таразыға салып көру, жақындармен ойластыру қажет – қысқасы жұмысы көп. Бірақ, бұл қалтаға ауыр тимейтін тиімді шарттар тапқан кезде ләззат әкелетін жанға жағымды жұмыстар. Ал барлық ерекшеліктерді үздік етіп шығару үшін шынында өзінің қоныс той формуласын тапқандарға жолығу қажет. Оларды табу өте оңай болып шықты – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға жолықтық.
Өз тұрғын үйлері бар және өз армандарына жетейін деп қалған бақытты жандардың ойларын сұрап білейік.
Жанна мен Талғат отбасылық жұбы мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Бұқаралық ақпараттар құралдарынан тұрғын үй иеленетін тұрғын үй жинақтау жүйесі туралы біліп, «Бастау» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім-шартқа қол қоюды шешеді. Осы тарифтік бағдарлама бойынша жинақтау мерзімі 3,5 жыл, кредиттеу мерзімі 6 жылды құрайды, тұрғын үй заемы бойынша пайыздық салымы жылына 5% (тиімді сыйақы мөлшері 5,3%). Отбасы жұбының ойынша жинақтау көмегімен олар Астанада тиімді бағамен әлеуметтік тұрғын үй иелене алады.
Антон мен Елена Алматы қаласында «Өркен» бағдарламасы арқылы пәтер иеленген, осы тарифтік бағдарлама бойынша жинақтау мерзімі 5,5 жыл, кредиттеу мерзімі 10 жылға дейін, заем бойынша сыйақы мөлшері жылына 4,5% (тиімді сыйақы мөлшері 4,7 %). Қажет болған тұрғын үй бағасының 50 % сомасын мерзімінен ерте жинап, Банктен аралық тұрғын үй заемын алып, отбасы өзінің 1 бөлмелі пәтерінде қоныс тойын жақсы атап өтті.
Гүлмира мен Азамат отбасы жұбының өсіп келе жатқан 4 баласы бар, бірақ олар кішкене ғана 2 бөлмелі пәтерде тұрады. Отағасының айтуы бойынша жоспарларында Ақтөбе қаласының сырт аймағында кірпіштен үй салу армандары бар. Үлкен отбасыға үлкен үй – міне осы үшін жұмыс істеу қажет. Балалар өсіп келе жатыр, оларға кеңістік керек, ал бұл жай тұрғын үй шарттарында мүмкін емес. Учаскенің, гараж және жай таза ауаның болу мүмкіндігі өз үйіңді салу құштарлығын одан сайын күшейте түседі. Сол үшін «Кемел» бағдарламасынан бастауды шешті, осы тарифтік бағдарлама бойынша жинақтау мерзімі 8,5 жыл, кредиттеу мерзімі 15 жыл, тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшері жылына 4 % (тиімді сыйақы мөлшері 4,2 %). Қазірдің өзінде ерлі-зайыптылар әдемі, әрі кең үйінің құрылысын бастап кетті.
Руслан мен Аиданың 10 жасар ұлы Әнуар өсіп келеді. Әке-шешесі оның болашағы туралы ойлап, ақшалай қаражатты банкте «Болашақ» бағдарламасы бойынша ашылған есеп шотта жинақтауды шешті, тарифтік бағдарлама бойынша жинақтау мерзімі 15 жыл, кредиттеу мерзімі 25 жылға дейін, тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшері жылына 3,5 % (тиімді сыйақы мөлшері 3,6 %). Кәмелет жасына толған кезінде және оқуды бітірген шағында баласы келешекте тұрғын үй мәселелеріне жалтақтамай өзінің тағдырын жасай алатынын ата-анасы сеніммен айтып отыр. Отбасы ауылдық жерде тұрады, қалаға шықпай жатып, жергілікті «Қазпошта» АҚ-тың бөлімі арқылы ай сайынғы жарнасын өтеп отыр.
Мұғалима Гүлия апай ауылда тұрады. Оның балалары өсіп, білім алып, қалаға көшіп кеткен. Апай оларға өз көмегін беруге Көкшетауға жолдасы екеуі көшуді ұйғарды. Үйді сатқан ақша, балалардың қосқан ақшасы 3 бөлмелі пәтер сатып алуға аз сома болған жоқ, бірақ кішкене жетпей қалды, қарызға алатын да ешкім жоқ. Сөйтіп екінші деңгейлі банктердің бірінде кредит алуды шешті. Қажетті төлемдерді төлеп жүріп және айтарлықтай тиімді шарттар емес екенін түсініп, алынған заемды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заемы есебінен қайта қаржыландыруды шешті. Бірінші кезекте өте тиімді кредиттеу шарттары, сосын төмен комиссия, айсайынғы төлем сомасын келешекте азайту мүмкіндігі ұнады. Қысқасы, Гүлия апай өз шешімін «ҚТҚЖБ» АҚ бергеніне еш өкінбейді, өйткені Банк қалың халық топтарына арналған.
Біздің әңгімешілеріміз тұрғын үй жинақтаулардың сомасын қомақты көтеретін және барлық бағдарламаларда болатын жыл сайынғы 20% мемлекеттік сыйақы екендігін атап өтеді.
Тағы бір қызық оқиға Серікпен болған, ол жақында белгілі бір компанияда жақсы мансап жасады. Ол уақытта ол пәтер жалдап тұратын, және жақсы жалақы жеке пәтер иеленуге жақсы демеу болатынын түсініп, көп ойланбай және кейінге қалдырмай Серік жинақтаусыз жылына 11%-дық (жылдық тиімді салым 15,1%-ға дейін) алдын ала тұрғын үй заемы бағдарламасына тоқтады. Қазір Серік өз пәтерінде тұрады, қор жинақтаумен бірге алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақы сомасын өтеуде.
Адам баласы армансыз өмір сүре алмайды, арманның өзі де адамсыз іске аспайды. Жеке тұрғын үй туралы армандарды іске асыру арқылы «ҚТҚЖБ» АҚ тиімді шарттар мен кредиттеудің төмен салымының, сапалы және қолайлы қызмет көрсету пайдасына шешім қабылдаған мыңдаған қазақстандықтардың сенімді серіктесі болып табылады.
Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесін енгізу бастамасы осы күнгі және қажетті жайт болып табылады – осындай ойды біздің мақаланың кейіпкерлері бірнеше рет атап өткен болатын. Ол тұрғын үй сатып алатын соманы артық күш салусыз жоспарлы жинақтауға мүмкіндік береді. Қоныс той формуласы өте оңай және түсінікті.
Ең алдымен тарифтік бағдарламаны таңдап алу қажет. Екінші мәселе «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақтаулар туралы келісімге қол қою. Үшінші заем түрін анықтау: 3 жылдан бастап жинақтау мерзімімен тұрғын үй заемы; тұрғын үй шарттарын жақсартуға қажет соманың 50% бар болған жағдайда аралық тұрғын үй заемы, немесе осы соманы мерзімінен ерте жинақтау; және алдын ала жинақтауды қажет етпейтін алдын ала тұрғын үй заемы. Және, ең соңында қажетті соманы жинақтау, пәтерді таңдау және жеке пәтерде қоныс тойды өткізу...
Ибрагим КАППАСОВ.
Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанда қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz