Жақында Алматыдағы республикалық спорт колледжінің шаршы алаңында бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Бұл бәсекеге 1994-1995 жылдары туған 100-ден астам жеткіншек қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Ең жеңіл, яғни 44 кило салмақта қарағандылық Табысхан Тұрмаханбетов құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Келесі, 46, 48 және 50 кило салмақ дәрежелерінде өткен сындарда Әлішер Жұматаев (Жамбыл облысы), Сергей Макарихин мен алматылық боксшы Айдар Иманғалиев чемпион атанды. Олар ақтық айқаста есімдері жалпақ жұртқа онша таныс болмаса да бүкіл жекпе-жектерінде қарсыластарына қасқая тұрып қолғап түйістірген бәсекелестерінен айласын асырды. Бұдан басқа чемпионаттағы барлық кездесулерде бәсекелестерінің бәрін жарыс жолынан шығарып тастаған қызылордалық Ақылбек Жоламанов (52 кило), Арман Құлов (54 кило, Маңғыстау облысы), 57 және 60 кило салмақтарда Оңтүстік Қазақстан облысының өрендері Ақмадияр Исақ пен Әділет Әлібек, Айтжан Шілеев (63 кило, Жамбыл облысы), Роман Жайлауов (66 кило, Астана қаласы) құрмет тұғырының ең биік сатысына шықты. Сонымен бірге, Алматыдағы шаршы алаңда қарсыластарының сырын тапқан Сыр бойының жас былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахметов (70 кило), Дінислам Әбдешов (75 кило, ОҚО), Айтас Тойбаев (80 кило, Алматы облысы) пен 80 килодан астам салмақта өнер көрсеткен павлодарлық Темірлан Бақтыбайдың мерейі үстем болды. Сөйтіп, аталмыш бәсекелердің қорытындысында командалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының өрендері жеңіп алған жүлделеріне қарай жеке-дара көш бастады. Олар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Одан кейінгі орынды 2 алтын, 3 күміс және 5 қоланы еншілеген Жамбыл облысының боксшылары иеленді. Келесі үшінші және төртінші орындар көмірлі Қарағанды өңірі өрендері мен Сыр бойының жас боксшыларына бұйырды. Мұнда Орталық Қазақстанның екі боксшысы алтын жүлдені алса, тағы бесеуі қола медальді қанағат тұтты. Ал Қызылорда облысының өкілдері 2 алтын, 1 қола жүлдемен шектелді. Алматы қаласы 1 алтын, 2 күміс және 3 қоланы өздеріне қалдырды. Сонымен бірге, Павлодар, Алматы мен Маңғыстау облыстарының командалары чемпионаттан бір-бір алтын жүлдені алып қайтты. Енді биылғы жылы жасөспірімдер бірнеше елде өтетін халықаралық турнирлерге қатысатын болады. Олар көктемде Украинаның Львов пен Донецк, Әзірбайжанның Баку, жазда және күз айларында Ресейдің Мәскеу қаласында жалауын көтеретін Борис Лагутиннің, Қаскелеңде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, Алматыда Серік Төлебаев пен шымкенттік Сәуірбай Есжановтың турнирлерінде қолғап түйістіреді. Бокстан кадеттер арасындағы ұлттық құраманың аға бапкері Сұлтан Костоевтың айтуынша, бұл бәсекелерде отандастарымызға қасқая қарсы ұмтылатын қарсыластар аз болмайды. Биылғы ел біріншілігі осы турнирлерге және келесі жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына дайындық болып табылады. Дастан КЕНЖАЛИН. ЖАУЫНГЕРЛІК ӘЗІРЛІК ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? Гвардейскіде республика Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басшылық құрамымен жедел жиын өткізілді. Оған Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қатысты. Мұндағы басқосу мақсаты ату қаруларының, оқ-дәрілердің сақталуын және командирлер мен инженер-техник құрамның жеке жауапкершілігін арттыруды басшылыққа алатын құжаттардағы талаптарды оқып үйрену болды. – Бүгінгі біздің өткізіп отырған шараның заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналатын Қарулы Күштерімізді сапалық жағынан көтеруде маңызы зор, – деді жиында сөйлеген сөзінде қорғаныс ведомствосының басшысы. – “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары бойынша Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы Елбасының бағдарламалық нұсқауларын қамтамасыз етуге лайықты үлесін қосуы шарт. Осылай деген Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбеков жиын соңында Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін жаңа деңгейге көтеру, қай істе болса да сапалылыққа қол жеткізу талаптары бойынша әскери құрылым басшыларына нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті
Аймақтар • Кеше
12 жастағы оқушы экология туралы кітап шығарды
Руханият • Кеше
Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді
Мәдениет • Кеше
Ел тұрғындары балыққа қаншалықты құмар?
Қоғам • Кеше
Көлікті қыста қыздыру: заң қалай өзгереді?
Заң • Кеше
Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар енді Қазақстанда өндіріледі
Экономика • Кеше
Иран Президенті Жүрек орталығына барды
Денсаулық • Кеше
Алматыда қазақы тазылардың байқауы өтті
Қоғам • Кеше
Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды
Қоғам • Кеше
Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады
Аймақтар • Кеше
Астанада пробация есебіндегі адамдарға арналған акция өтті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Жаңаөзен қаласына 5 жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді
Аймақтар • Кеше
ШҚО полицейлері мал ұрлығын ізін суытпай ашты
Аймақтар • Кеше
Шалқар ауданында екі медициналық мекеме салынды
Аймақтар • Кеше
Атыраудағы мансап орталықтарына 63 мың адам не үшін жүгінген?
Аймақтар • Кеше
Қытай инвесторы Қазақстанның энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға ниетті
Энергетика • Кеше