24 Тамыз, 2011

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»

637 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың ұйғарымы­мен Көк түріктердің алтын бесігі – көне, киелі де қа­сиетті өр Алтайда осындай тақырып­пен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция тұң­­ғыш рет өтпек. Кеше Өскемендегі баспасөз клубында – ТҮРКСОЙ-дың Қа­­зақ­стандағы өкілі Асқар Тұр­­ғанбаев, Шығыс Қазақстан  облыстық мәдениет басқар­ма­сының бастығы Жақсылық Омар, Қырғызстан және Ресейден келген фотожур­налис­тер­дің қатысуымен баспасөз мәс­лихаты болып өтті. – Тәуелсіздік алғалы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференция тұңғыш рет өтіп отыр. Мұның алдында Татарстан, Баш­құртстан, басқа да бірқатар мемлекеттерде осындай маңыз­ды шаралар болғаны белгілі. Бірінші кезеңде шетелдерден келген он фотожурналист Ал­тайды аралап, туризмді дамы­ту, көне қорғандар мен обалар, тарихи жерлерді суретке түсі­ріп, соңынан Өскеменде фото­көрме ұйымдастырады. 26 та­мызда орталық Мәдениет үйін­де халықаралық конференция өз жұмысын бастайды. Оған АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Ресейдегі түр­кі тілдес мемлекеттердің ға­лымдары мен тарихшылары қа­тысып, пікір алмасады. Шы­ғыс Қазақстан облысының әкі­мі Бердібек Сапарбаев пен шетелдерден келген ресми өкіл­дер туризмді дамыту, Ал­тай­дың ғаламат табиғатын зерттеу жөніндегі меморан­думға қол қоймақ. Ал үшінші кезеңде өр Алтайдың төріндегі Берелде 12 мемлекеттен келген әншілер өз өнерлерін ортаға салады. Бұл жерге 12 киіз үй тігіліп, қазақ­тың ұлттық спорт ойындары қонақтар назарына ұсыныла­ды. Сондай-ақ, халқы­мыз­дың тұсаукесер, сүндетке отырғызу, тоқым қағу, басқа да ұлттық дәстүрінен көріністер көпші­лікті қызықтырмақ. Сол күні Берелде бал және қымыз жәр­меңкесі өтеді, – деді Жақ­сылық Омар. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.