24 Тамыз, 2011

Сергей ауызашар берді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласындағы мұсылман қауымға ауызашар берді. Онда қала әкімі Мұнарбек Батырханов баршаны Рамазан айымен құттықтап, сауапты істер мен мүбәрак қуаныштардың көбейе беруіне тілек қосты. Ауызашарда Түркиядан әдейі келіп орталық мешітте Құран-хатым түсіріп жүрген қари Абдулла Ероғлы, Ғалым мешітінің имамы Қайролла Бейсенбав, Көкшетау-2 кентінің имамы Қасымхан Ыдырысұлы, Шойынбек атындағы Красный-яр мешітінің имамы Науан Мүтәлұлы дін тағылымы жайында уағыз насихаттарын айтты. Сондай-ақ, ауызашарға қатысқан жамағат атынан Науан хазірет орталық мешітінің имамы Қанат Қыдырмин, еңбек ардагері Ғабдісәлам Жоламанов, күні кеше Парламент Сенатының депутаты болып сайланған Жабал Ерғалиев тәлімді шараны ұйымдастырушыларға риза сезімдерін білдірді. Бақберген АМАЛБЕК, Көкшетау.