Қазір командалар екі-екі кездесуден өткізіп үлгерді. Осы ойындардың нәтижесіне қарап, жарысқа барлық клубтардың жоғары дайындықпен келгендерін көруге болады. Мысалы, турнирдің фавориті саналатын «Барыс-2» мен «Қазцинк-Торпедо-2», еліміздің былтырғы чемпионы «Бейбарыс» «Арыстан», «Арлан» командаларынан ұтылып қалды. Сөйтіп, екі ойынның біреуінде жеңілуге мәжбүр болды. «Қазцинк-Торпедо-2» «Астанадан» 5:0, «Арланнан» 6:1 есебімен жеңілсе, «Барыс-2» «Арыстаннан» 5:1, Бейбарыс» «Барыс-2»-ден дәл осындай есеппен есе жіберді. Ұтылған командалар енді басқа қарсыластарын жеңбесе, кубок үшін таласулары өте қиынға түседі.
Ал «Астана», «Сарыарқа», «Ертіс-Павлодар» сияқты клубтар керісінше, жарысты жақсы бастады. Биыл жаңадан құрылған «Астана» командасы өскемендік клубты 5:0 есебімен жеңсе, келесі ойында Рудныйдың «Горняк» ұжымын 4:1 есебімен ұтты. Әзірше «Горняктың» жолы болыңқырамай тұр. Олар екінші матчында да «Сарыарқадан» 5:3 есебімен жеңілді. Қарағандылық команда болса, алғашқы кездесуінде «Арланды» 2:0 есебімен жеңген болатын. Павлодарлық клубтың қазір бабы мен бағы келісіп тұрғандай. Бірінші ойында олар «Алматыны» 4:3, екінші матчында «Арыстанды» 4:2 есебімен ұтты. Енді «Ертіс-Павлодар» «Барыс-2» командасымен ойынға дайындалуда.
Осы ойындардан кейін «Астана» клубы 6 ұпаймен А тобының турнир кестесін бастап келеді. Екінші орынды «Сарыарқа», үшінші орынды «Арлан» иеленіп отыр. «Астана» командасының бас бапкері Владимир Беляевтің айтуынша, биыл кубокты жеңіп алуға олар қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасайды.
Кубогтың жеңімпазы 27 тамыз күні анықталады. Осы күні «Қазақстан» спорт сарайында финалдық ойын өтеді.
Дастан КЕНЖАЛИН.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше