24 Тамыз, 2011

Үлкен Алтай ректорлар кеңесі

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Шығыс Қазақстан облыстық мәс­ли­ха­тының хатшысы Василий Ахаев бастаған өңірдің рес­ми делегациясы Ресейдің Алтай аймағында өт­кізілген «Алтай – біздің ортақ үйіміз» атты халық­аралық үйлестіру кеңесінің оныншы отырысына қатысып қайтты. Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай өкілдері мұндай басқосулардан үлкен үміт күтеді. Төрт ел үшін өзара қарым-қатынасты ны­ғайту жемісін бермек. Осы жолы тағы бір маңызды шара жүзеге асты. Жиында шырайлы Шығыс өңірі тарапынан жасал­ған құнды ұсыныс, яғни төрт елдің 25 жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлы ғалымдары мүше болып табылатын Үлкен Алтай ректорларының ке­ңе­сін құру жөніндегі ұсыныс бірауыздан мақұл­дан­ды. Бұдан былай жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынас жақсарып қана қоймай, ол төрт елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайларының жақсара беруіне де оң ықпалын тигізбек. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.