«Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаттанушы Айдос Әміроллаұлы Сарымды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына директордың кеңесшісі қызметіне тағайындады», – делінген хабарламада.
Айдос Сарым 1975 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Осында №12 мектепті бітіргеннен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін тәмамдаған. «Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының» директоры.