12 Қаңтар, 2010

ӘСКЕРИЛЕР ҮЙЛІ БОЛДЫ

2787 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
Қорғаныс министрінің қолынан қажетті жиһаз және тұрмыстық техникамен толықтырылған 36 коттедждің кілтін алды Ел тыныштығы сеніп тап­сырылған қорғаныс саласындағы әскерилердің әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайын дамыған мемлекет­тердің озық үлгісіне сай жаб­дық­тау мақсатындағы жұмыс шеші­мін табуда. Жетісу жеріне арнайы жұмыс сапарымен келген Қорға­ныс министрі Әділбек Жақсы­беков Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовпен бірге Талды­қорған қаласындағы “Шығыс” шағын ауданынан бой көтерген жеке үйлерге кірген әскерилердің қуанышына ортақтасты. – Мемлекет басшысы, еліміз Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы  Нұрсұлтан Назар­баевтың әскерилердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен қамтамасыз етілуіне, ерекше назар аударуына байланысты көп­теген игілікті істер жасалып отыр, – деді қуаныш иелері алдын­да сөз сөйлеген министр Ә.Жақсыбеков. Соның дәле­лін­дей өткен жылы Ақмола, Алматы, Приозерск, Қапшағай, Шымкент және Сарыөзек гарнизондарын­да­ғы әскери қызметкерлердің біразы тұрмысқа қолайлы пәтер алды. Осылайша 2009 жылы барлығы 63053 шаршы метр тұр­ғын үй пайдалануға берілді. Бүгін міне, енді Талдықорған қаласын­да гарнизон қызметкерлері үшін  жалпы көлемі 90 және 112 шар­шы метрді құрайтын 27 үш және 9 төрт бөлмелі кірпіштен салын­ған 36 коттедждің кілтін тапсыр­ғалы тұрмыз. Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов те мына қуанышқа байланысты ыстық лебізін біл­діріп, әскерилердің елдің тыныш­тығын күзетудегі еңбектеріне жеміс тілеп, қоныс тойына құтты болсын айтты. Тұрғын үйлердің кілті сал­танатты түрде тапсырылғаннан кейін жиналғандар жан-жақты жабдықталған үйлерді аралады. Пәтерлер тұрмысқа қажетті жи­һаз, тоңазытқыш, тағы басқа да техни­калық заттармен толық­ты­рылыпты. Бір сөзбен айтқанда әскерилерді әлеуметтік жағынан қорғау, қам­тамасыз ету мен қыз­мет көрсетудің барлық түрі қа­ра­лып, әлеуметтік тұрғыдағы айыр­ма­шылықты бол­дырмауға назар аударылғанын анық байқауға болады. Күмісжан БАЙЖАН. МҰҚТАЖ ЖАНДАРДЫҢ ИГІЛІГІНЕ АЙНАЛДЫ Халқымызда  “Бас екеу болмай,  мал екеу болмайды” деген аталы сөз бар. Отбасын құрып, ертеңгі нұрлы күндеріне  қадам басқандардың өз үйі, өлең төсегі болса, қане. Осы мәселені шешуге ниеттенген облыс басшылары Алакөлде тұрғын үй бағдарламасымен кең, жарық, тұрмысқа қажетті су, жылу жүйесімен қамтылған жеті жеке жаңа үйлерге қаржы қарастырса, олардың құрылысы аяқталып, жас мамандар мен әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылғандардың игілігіне ұсынғаны жақсы істің жалғастығы екені анық. Жаңа үйлердің кілті көп балалы ана Бақытгүл Әділхановаға, бірінші топтағы мүгедек Алмас Нүсіповке, жас маман анестезиолог-реаниматор Талғат Күйісовке, ұстаз Мәулен Төлеужанов пен өзге де жастарға беріліп, олардың отбасыларын қуантты. Ағымдағы жылғы мамыр айында құрылысты бастаған мердігер “Бағалы Алакөл”  ұжымы облыстық бюджеттен бөлінген 30 млн. теңгені тиімді жұмсап, қыраулы қыс қаһарына мінгенше үйлерді сапалы салып шықты. Алматы облысы. Жеңіс — 65 АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ АКЦИЯСЫ Кеше “Нұр Отан” халық­тық-демо­кра­тиялық пар­тия­сы­ның қол­дауы­мен ­еліміз бой­ын­ша Ұлы Отан соғы­сын­дағы же­ңістің 65 жылдығы қарса­ңын­да  оған қатысқан және тыл­да жүріп майдан үшін тер төге еңбек еткен аға буынды құрмет­теу­ге бағыт­талған “Ар­дагерлерді ардақтайық” атты акция бас­талды. Қан майданда толарсақтан саз кешіп, оқ пен оттың ортасында жастық шақтары өткен соғыс ардагерлері мен соңғы масақтың дәніне дейін эшелондарға тиеп, жеңісті күннің жақындауына үлес­терін қосқан тылдағы адамдардың жанкешті еңбектері қандай құр­метке де лайық. Ендеше, олардың еңкейген шақтарында бүгінгі буынның тарапынан қолдау мен қамқорлық көрсетілуі де заң­дылық. Акция барысында “Нұр Отан” белсенділері ардагерлердің пәтер­леріне барып, оларға азық-түлік пен кәдесыйлар тарту етіп, кейбір  түйінделіп жатқан әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің шұғыл шешімін табуына қолұшын созбақ. Ал “Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанаты еліміз бой­ынша Жеңіс құрметіне тұрғызылған барлық ескерткіштерді тізімдеп, олардың ішіндегі жөндеуге сұранып тұрғандарын анықтайды. Ал қалалардағы аса ірі қала құраушы негізгі кәсіпорындарда құрмет тақталарын қалпына келтіру шара­лары жүргізіліп, ардагерлердің суреттері мен өмірбаяндары ен­гізілмек. Ардагерлерден құрметімізді аямайық деген “Нұр Отан” ХДП-ның барлық аймақтық филиал­дарын­да ардагерлердің  жергілікті партия белсенділерімен кездесуле­рін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Іс-шаралар барысында арда­герлерге арналып мерекелік кон­церттер беріліп, сыйлықтар тара­тыл­мақ. Осылайша нұротандықтар қолға алған “Ардагерлерді ардақ­тайық” атты акция бүкіл еліміз бойынша ағымдағы жылғы 6 ай бойы жүргізілетін болады. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛЕСТЕР Жастар біздің болашағымыз. Қазақстан Республикасы Тұң­ғыш Президентінің Қоры да­рын­ды, талантты жастарға қол­дау көрсету жолында түрлі ба­ғытта қызмет атқарып келе жат­қан бірден-бір орын. Жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, шығармашылық мүмкін­дігін ашу, Қазақстан Республи­касындағы азаматтық қоғамның Отанды сүю және рухани адам­гершілік негізінде қазақ халқы­ның құндылықтарын құрметтеу­ге, елдің өркендеуіне көмектесу аталмыш Қордың негізгі мақ­саттарының бірі болып табыла­ды. Қазіргі таңда Қордың қол­дауымен шығармашылықтағы жастар өз белестерін бағын­дырып, жеңістерімен еңбектің ақталғандығын танытуда. Оның бір айғағы - 2009 жылы желтоқ­санның 3 мен 14 аралығында Мәскеуде өткен музыкалық бай­қаулардың ішінде ең беделдісі болып саналатын М.И.Глинка атындағы XXІІІ халықаралық вокалистер байқауына қазақ­стан­дық жас өнерпаздар қаты­сып, дүниежүзілік классика өнерінің тарландары жиналған додада жақсы жетістіктерге жетуі. Әлемнің көптеген елдерінен кел­ген қатысушылардың 1 айналым­дағы жалпы саны 180 адамды құраған. Ал Қазақстанның атынан екі жеке орындаушы: Жұпар Габдуллина, Медет Шотабаев және концертмейстер Гаухар Тасбергенова қатысқан. Байқау қорытындысы бойынша І сыйлық және Ең жақсы тенор сыйлы­ғымен Медет Шотабаев марапат­талған. Айта кету керек, байқау­дың отыз жылдық өту тарихында Қазақстаннан көптеген жеңімпаз­дар болған, бірақ бұл 1 сыйлық еліміздің еншісінде екінші рет (“бірінші” Әлібек Дінішев). Қуанышты жәйт, қазақстан­дық­тардың вокалдық және күйсан­дықты меңгеру мектебін – аттары аңызға айналған әділқазылар мен тыңдармандар жоғары бағалаған. Ресейдегі композиторлық мектеп­тің негізін қалаған М.И.Глин­каның есімімен аталған байқау­дың басты міндеті, тек қана жас дарындарды ашу емес, әншіліктің классикалық мұрасын дәріптеу. Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Пре­зи­денті Қорының қолдауымен 5-ші және 9-шы желтоқсан күн­дері Магнитогорскіде (Ресей) шоқ­тығы биік музыкант, ағар­тушы және ұстаз Татьяна Гай­дамович атындағы Екінші ха­лықаралық камералы-ансамбль орындау­шыларының байқауы өтті. Ресей (Мәскеу, Санкт-Пе­тербург, Ростов, Екатеринбург, Саратов), Жапония, Корея және Қазақ­стан елдерінің музыкант­­тарынан құралған қатысушы­лардың арасынан, алғашқы сыйлықтың лауреаттары қазақ­стандық жас музыканттар – Арман Тілеу­бергенов (фор­те­пиано) және Ермек Құрманаев (виолончель) болды. Ал, бай­қаудың үшінші айналымының қорытындысы бойынша қазақ­стандық дуэт сыйлық иегерлері атанып, Мәскеу консерва­то­риясының аспиранттарынан тұратын дуэтпен бірінші сый­лықты бөлісті. Сонымен қатар, қазақ­стан­дық дуэтке әділқазылар алқасы Альфред Шниткенің Бірінші сонатасын шебер орындаған­дары үшін Лев Книппер атын­дағы арнайы сыйлықты табыс еткен. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ. “ҚҰРМЕТТІ РЕДАКТОР” АТАНДЫ Мұнайлы өңірде “Атырау-Ақпарат” КМК-ның құрылғанына 7-8 жылдың жүзі ауды. Осы кезеңде оның құрамындағы қос облыстық және 7 аудандық газеттің материалдық-техникалық базасы жақсарып, түрлі түспен оқырман қолына тиетін болды. Сонымен бірге газет журна­листеріне барынша қолдау көрсе­тетін кәсіпорын енді облыс­тық газеттерге кезінде бас редакторлық еткен қаламгерлерге айрықша құрмет көрсетуді қолға алды. Бұдан бір ай бұрын “Атырау” және “Прикаспийская коммуна” газеттерінің бұрынғы бас редак­торлары Қилыбай Қуанышбайұлы мен Любовь Монастырскаяға “Құрметті редактор” куәлігін табыс еткен еді. Енді, міне, сондай “Құрметті редакторлар” қатары тағы екі қаламгермен толықты. “Еліміздің әр кезеңіндегі, әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы таңғажайып ерлік­терін көрсетумен бірге, тамаша ше­жі­ре­сін жасауға, жанды тари­хын қаттауға атсалысқан Теңдік Жауырұлы мен Федор Перовтай қаламгер ағаларымызды әрдайым құрмет тұтамыз. Қазір бұл аға­лары­мыздың жолын өздері тәр­биелеген шәкірттері жалғастырып, ұрпақтар сабақтастығының тіні үзілмейтінін дәлелдеуде”, деді “Атырау-Ақпарат” КМК төрағасы Эльдар Жұмағазиев қос қаламгерге арнайы куәліктерді табыстап тұрып. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы. ЖАС СУДЬЯЛАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ Облыстық соттың судьялары, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төраға­лары мен облыстық соттар әкім­шісі қатысқан Ақтөбе облыстық сотының кезекті кеңейтілген жалпы отырысы бірқатар қуаныш­ты жәйттермен айшықталды. Ақтөбе облыстық сотының төраға­сы Бектас Бекназаров осы шараға жиналғандарға Елбасы Жарлығы­мен жаңадан тағайын­далған облыстық соттың азамат­тық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ерлан Айтжановты, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Жұлдыз Биманованы, Ақтөбе қалалық №2 сотының судьялары Дәуренбек Дауымов пен Бағдагүл Махмұтова­ны, Қобда аудандық сотының судьясы Шынаргүл Есжанованы таныстырды. Жаңадан құрылған аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі маман­дандырылған ауданаралық сотта жұмыс істеуге сенім білдіріл­ген судьялар Мәдина Сисенова мен Гүлжан Әжіғалиеваға жаңа қызметтерінде сәттілік тіледі. Жаңадан тағайындалған бір топ судьялар қызметтеріне адал болуға ант қабылдады. Сондай-ақ Бектас Бекназаров облыстық сотта отыз бес жыл табан аудармай жұмыс істеген еңбек ардагері Әмірхан Шәменовті жемісті қызметі үшін құттықтап, Алғыс хат және бағалы сыйлық тапсырды. Осындай жағымды жаңалықтармен басталған облыс­тық соттың кеңейтілген жалпы отырысында ел Президентінің 2009 жылдың 29 желтоқсанындағы № 910 Жарлығын жүзеге асыру жайы талқыланды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. БОЗБАЛА-БОЙЖЕТКЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМ Семейліктер Омарбек Байуақов деген азаматты “медиа магнат” деп атап кеткен. Мамандығы жөнінен журналист әріптесіміз кешегі кеңес заманында ұзақ жыл облыстық телевизияда оператор болып қызмет еткен-ді. Ал заман өзгеріп, нарық келіп есік қақ­қанда ол “ТВК – 6” деп атала­тын өзінің жеке телекомпа­ния­сын ашып алған-тын. Іле О.Байуақов мұнымен де шектелмей, газет шығару ісімен де айналыса бастады. Қазірде компания жанынан үш бірдей газет шығарылып жатыр. Олардың мазмұны да көркемделіп, безендірілуі де ойдағыдай. Яғни, солардың қай-қайсысы болса да түрлі-түсті бояумен жарық көруде. Мем­ле­кеттік тілде шығарылатын соның бірі “Ертіс өңірі” деп аталады. Сан алуан тақырыпты қамтып, 32 бет болып шығып жатқан бұл басылым Семейден тысқары жерлерге де кеңінен тарайды. Енді, міне, аталған компания жанынан “Бозбала – Бойжет­кен” деп аталатын журнал шыға бастады. Оның атынан көрініп тұрғанындай, бұл жаңа басылым жас ұрпақ тәрбиесіне арналған. Қазірге дейін оның үш нөмірі жарық көріп үлгерді. Ай сайын шығатын оның да мазмұны терең, бояуы қанық. Айталық, соңғы нөмірде ғана Семей биз­нес кол­леджінде оқып жүрген оқушы-жастар өмірімен бірге, қаладағы “Балдәурен” деп атала­тын балабақшадағы оңды қадам­дар, сондай-ақ, есімі елге таны­мал семейлік студент, ай­тыс­кер ақын Нұржан Өмірбаев туралы және басқа тақырыптағы ма­териал­дар кеңінен қамтылған. Сондықтан бұл жаңа басылым­ды жастарға жаңа жылдық сый десе де болады. Солайша кәсіпкерлік сала­сында тыңнан түрен тартқан Омарбек Қазанғапұлы қалың оқыр­манның талап-тілегін қана­ғаттандыра отырып, өз әріптес­терін жұмыс-қызметпен қамта­ма­сыз етуге де қызу атсалысуда. Бір абзалы сол, оның бұл еңбегі ескерусіз қалып отырған жоқ. Соның айғағын­дай, ол облыс­тық мәслихаттың депутаты болып табылады. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей. аралығында Астанада өтетін ел біріншілігінде жасақталады