26 Тамыз, 2011

Салық комитеті хабарлайды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаржы министрлігінің Салық комитеті кәсіпкерлердің алаяқ­тардың алдауына түспеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бұл туралы аталмыш ведомство­ның баспасөз қызметі хабарлады. «Бір топ кәсіпкер 2009 жылғы 5 мамырда адал кәсіпкерлердің жалған кәсіпкерлік саласында бұзылған мүддесін қалпына келтіру жөнінде «Известия» газеті арқылы Елбасына жүгінген еді. Осыған байланысты Елбасы мемлекеттік органдарға тиісті жұ­мыстар жүргізу туралы тапсырма берген болатын. Салық комитеті адал кәсіп­керлердің жалған кәсіпкерлік саласында бұзылған мүддесін қалпына келтіру үшін «Известия» басылымында жарияланған кәсіп­керлердің талаптарын орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде. Жуырда ғана кәсіп­керлердің мүдделерін қорғауға бағытталған норманың заңмен бекітілуі осының айғағы. «2011 жылдың 21 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті «Салық салу мәселесі бойынша Қазақстан Республика­сының бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республи­касының Заңына қол қойды. Осы нормативтік құқықтық акті ар­қылы Салық кодексінің 115-ба­бының 2) тармақшасына, 257-ба­бының 3-тармағына және 258-ба­бы 1-тармағының 5) тармақша­сына өзгертулер енгізілді. Бұл өзгерістер заңды кәсіп­керлік қызметпен айналысып жүрген азаматтардың құқық­тарын қорғауға бағытталған», делінген Салық комитетінің бас­пасөз қызметі таратқан ақпаратта.