Аймақтар • 11 Мамыр, 2017

Солтүстік Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысының өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Владимир Безлер тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

В. Безлер 1976 жылы Көкшетау қаласында туған. Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын, «Денсаулық сақтау менеджері» мамандығы бойынша Қоғам денсаулығының жоғары мектебін бітірген.

2003-2011 жылдары нейрохирургиялық бөлімшеде дәрігер-нейрохирург болып жұмыс істеген. Петропавл қаласы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесінде бас сарапшы, Денсаулық сақтау министрлігінің ішкі әкімшілік департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Осы кезге дейін Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік департамент директорының орынбасары болған.

Өмір Есқали.

Солтүстік Қазақстан облысы.