Бұл туралы Үкімет үйінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асырудың биылғы 4 айдағы аралық қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтып берді.
Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық паспортын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде, ол тұрғылықты және емделу орнына тәуелсіз кез-келген жерден қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, денсаулық туралы маңызды мәліметтердің барлығын өмір бойы сақтауға мүмкіндік береді.
«2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында электронды денсаулық паспортын кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған. Қазіргі уақытта Астана қаласының № 9 қалалық емханасы базасында шұғылданушы дәрігерлермен бірге электронды денсаулық паспортын пайдалану бойынша пилот жүргізілуде», – деді министр.
Ведомство басшысы журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында барлық қағаз мәселелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылатынын мәлімдеді.
Елжан Біртанов бүгінде орта есеппен алғанда Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдарының 38%-ында жергілікті медициналық ақпараттық жүйелер енгізілгенін айтып өтті.
«Денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен қамтамасыз етіп, жергілікті медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу үшін облыстар мен Астана және Алматы әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті ІТ-инфрақұрылымды құру шаралары қабылдануда. Министрлік пен өңір әкімдері арасында денсаулық сақтау ұйымдарын 2017 жылы 50%-ға дейін және 2018 жылы 100% қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16 мыңнан астам компьютер техникасын сатып алу жоспарланған», – деді спикер.
Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында денсаулық сақтауды ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды primeminister.kz
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше