Жалпы, ұстаз бен ақпарат құралдарына ортақ қасиет – тәрбиелеу. Яғни, бұл екеуінің де қоғамдағы рөлі үлкен. Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жөнінде студенттерге дәріс оқыған Дархан Қыдырәлі осындай ой айтты. Бұдан кейін мақаланы талқылау, еркін пікір алмасу болды. Мақаладағы ұлттық код, латын қарпіне көшу мәселесіне студенттер өздерінің ұсыныстарын, көзқарастарын білдірді. Көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оған жауаптар алды. Кездесуді аталған оқу орнының ректоры Оңалбай Аяшов жүргізіп отырды.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан».