Бизнес • 11 Мамыр, 2017

Қазақстан шұлықтары Еуропаға экспортталады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі шұлық тігетін "Әлем-БТ" фабрикасы Еуропаға өз өнімдерінің 30%-ын экспорттамақ, деп жазады LS.

Қазақстан шұлықтары Еуропаға экспортталады

Компания директоры Асылан Ибадуллаевтың айтуынша, Еуропа нарығына шығар алдында Kore брендін Кореямен шатастырмауы үшін фабрика ребрендинг жасамамақ. Енді бұл бренд Alem-Socks деп аталмақ.

"Қазіргі таңда фабриканың Қазақстан нарығындағы үлесі 5-10%. Өнімнің бір бөлігі Оңтүстік Корея мен Ресейге сатылады. Біз қазір халықаралық сапа сертификатын алғалы отырмыз. Содан кейін өнімнің 20-30%-ын Еуропаға сатамыз", - дейді директор.

Кәсіпорын 2015 жылы ашылған. Фабрикаға салынған инвестиция көлемі 2 млрд теңге.

Қазіргі таңда өндіріс көлемі жылына 16 млн жұп шұлық.