Қазақстан • 12 Мамыр, 2017

«Мен қазақпын» халықаралық мегажобасы басталады

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Мен қазақпын» халықаралық мегажобасы басталады

«Елбасы рухани жаңғыру жөнін­дегі жалпыұлттық идеяны жария­лағанда жаңғыру үдерісі мін­детті түрде елдің рухани тамы­рынан  нәр алуы тиіс екенін атап айтқанын жақсы білесіздер. Біздің рухани тамырымыз баба­дан мирас болған салтымыз, тілі­міз бен музыкамыз, әде­биеті­міз десек, оның ішінде дәс­­түрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің ор­ны ерекше. Халқымыздың ш­е­жі­ре­­мен бірге келе жатқан осы бірегей өнерді лайықты дәріп­теу − елдің бірлік идеясын іске асы­рудың аса ұтымды құра­лы. Осыны ескере отырып, Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Қазақстан» РТРК» АҚ арқылы «Мен қазақ­пын» атты телевизиялық мегажо­баны ұсынып отыр. Жоба­ның мақсаты – дәстүрлі әнші, күйші, термешілерімізді еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңі­нен дәріптеу. Таңдаулы туын­ды­ларды өскелең ұрпақ­қа заманауи форматта наси­хат­тау. Өнер бәйгесіне халық компо­зитор­ларының шығар­маларын, халық әндерін орындайтын өнерпаздар қатысады. Олардың ішінен ең үздігі телевизиялық байқауға жолдама алады», деді министр. 
Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин жобаның өңірлердегі алғашқы байқаулары 5 маусымда басталатынын тілге тиек етіп, оған елімізден бөлек,  Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия мен Алтайда тұратын қандастарымыз да қатыса алатынын жеткізді. 
«Өңірлердегі іріктеу жарыс­тары маусым айының соңын­да аяқталады деп жоспар­ла­ну­да. Ал шілде айында Ресей, Қытай, Моңғолия мен Алтайда өткіземіз. Жобаның ірік­теу кезеңінен түсірілген күнде­лік­тер «Қазақстан» ұлттық теле­ар­на­сының эфирінен 9-27 тамыз аралығында көрсетіле бас­тайды. Ал жоба эфирге толық күйін­де осы жылдың  3 қыр­күйе­гінен енеді деп күтілуде. Күн­де­ліктерді шығаруға арнайы шығар­машы­лық екі топ құрып отырмыз. Бір топты танымал күйші, сазгер, Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлт­тық университетінің аға маманы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, халықаралық Құрманғазы атын­дағы байқаудың лауреаты, рес­пуб­ликалық «Асыл мұра» бай­қауының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Айбек Бекбосын жүргізетін болады. Екінші топты дәстүрлі әнші, Мемлекеттік күзет қызметі Президент оркестірінің әншісі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Әміре Қашаубаев, Естай Беркімбаев атындағы республикалық бай­қау­лардың лауреаты Аллажар Қай­бар жүргізеді. Айта кететін тағы бір жайт, жобаға 18 бен 40 жас аралығындағы өнерпаздар қаты­са алады»,  деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»